Мобильді аударымдар мен төлемдер: Фейк пен фактіні қалай ажыратамыз

Қазіргі уақытта қоғамда қызу талқыланып жатқан осы тақырыпқа байланысты ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде ең жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді, деп хабарайды ҚазАқпарат.


ТОП-5 жалған (фейк)

№ 1-фейк:

2021 жылдың 1 желтоқсанынан бастап барлық мобильді аударымдарға салық салынады.

Түсіндірме: Жоқ, жеке тұлғалар арасындағы мобильді аударымдар салық салуға және тексеруге жатпайды. Енгізілген өзгерістер декларацияда заңды айналымды көрсетпей, мобильді аударымдар арқылы төлем ретінде ақша қабылдайтын кәсіпкерлерге қатысты.

№ 2-фейк:

Егер мен әріптестерімнен, мектептегі ата-аналардан туған күндерге аударым арқылы ақша алсам, бұл үшін менен салық алынады.

Түсіндірме: Жоқ, жеке тұлғалар арасындағы мобильді аударымдарға салық салынбайды. Бұл ретте жеке тұлғалар туралы мәліметтерді 2025 жылдан бастап мемлекеттік кірістер органдарына беру жоспарлануда.

№ 3-фейк:

Мен жеке кәсіпкермін, енді мобильді төлемдерінен түскен түсімдер үшін де салық төлеуім керек пе? Бұл екі рет салынған салық қой!

Түсіндірме: Жоқ, салық екі рет салынбайды, мобильді төлемдер жаңа салық түрі емес және қосымша салық ауыртпалығын көтермейді.

№ 4-фейк:

Салық органы жаңа 2022 жылдан бастап барлық жеке тұлғалар туралы барлық ақпаратты банктен алатын болады.

Түсіндірме: Жоқ, жеке тұлғалар туралы ақпаратты тек 2025 жылдан бастап, жалпыға бірдей декларацияға сәйкес, екінші деңгейлі банктер береді деп жоспарлануда.

№ 5-фейк:

Жаңа жылдан бастап мобильді аударымдар мен қолма-қол ақша төлемдерінің есебін жүргізуім керек пе?

Түсіндірме: Жоқ, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде қолма-қол ақшасыз төлемдер мобильді төлемдер арқылы қабылданады (мобильді аударымдар арқылы емес).

ТОП-5 факті

1-сұрақ:

Егер мен жұмыс істеп, бақылау-кассалық аппаратты барлық сатылған тауарларға қолдансам, енгізілген нормалардың салдары қандай болмақ?

Жауап: Бақылау-касса машиналарын пайдаланатын және заңды айналымды көрсететін кәсіпкерлерге бұл ереже әсер етпейді.

2-сұрақ:

Екінші деңгейлі банктер потенциалды «құқық бұзушыларға» талдау жүргізіп, мұндай салық төлеушілер туралы ақпаратты мемлекеттік кірістер органдарына береді ме? Достары мен туыстарына аударма жасайтын қарапайым адамдарға уайымдамауға болама?

Жауап: Иә, дұрыс, бұл ереже жеке адамдарға әсер етпейді. Потенциалды «құқық бұзушылар» тәуекелдерді басқару жүйесімен айқындалатын болады, оның критерийлерінің бірі: күнтізбелік үш ай қатарынан ай сайын 80-100 адамнан бірнеше рет ақша аударымдарын қабылдаған бір тұлғаның кәсіпкерлік қызметі анықталады.

3-сұрақ:

Енгізілген өзгертулер тек кәсіпкерлерге қатысты, ал жаңа жылдан бастап «мобильді төлемдер» деген жаңа ұғым пайда болады және бұл өздеріне ыңғайлы жолмен ақша аударатын қарапайым халыққа әсер етпей ме?

Жауап: Бұл ереже тек кәсіпкерлерге қатысты екені рас, бұл ереже жеке тұлғаларға қолданылмайды.

4-сұрақ:

Критерийлер туралы механизм жобасы ресми түрде жариялана ма? Мобильді аударымдар үшін бекітілген критерийлерді көре аламыз ба?

Жауап: Белгіленген критерийлер қоғамдық талқылау үшін «Ашық құқықтық актілерде» талқылау үшін ресми түрде жарияланады.

5-сұрақ:

Кәсіпкерлер жаңа жылдан бастап мобильді төлемдер арқылы ақша қабылдау үшін кәсіпкерлік қызметке бөлек шот ашу керек пе?

Жауап: Дұрыс, кәсiпкерлерде мобильдi төлемдер арқылы ақша қабылдауүшін жеке бизнес-шот болуы керек.

Сонымен қатар, жеке тұлға үшін тауарларды төлеу кезінде ешқандай өзгерістер болмайды.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.