Сайрам ауданында республикалық ретро айтыс өтті

Сайрам ауданында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Мәңгілік ел жырлайды» тақырыбында республикалық ақындар айтысы өтті.


Дүбірлі додаға Бөрібай Оразымбет, Серік Қалиев, Бекарыс Шойбеков, Ақмарал Леубаева, Маржан Есжанова, Анар Жаппарқұлова, Кәрима Оралова, Айбек Қалиев сынды шайырлар қатысты. Айтыста ақын Ханбибі Есенқарақызы, жазушы Мархабат Байғұт, ақын Нармахан Бегалиев, драматург Сая Қасымбек, ақын Сәбит Әбдірайымов сынды азаматтар қазылық етті. Жыр додасының жүргізушісі белгілі сықақшы Көпен Әмірбек.

Ретро айтыста 4 жұп өнер көрсетіп, сайыс нәтижесінде бас жүлдені түркістандық Бекарыс Шойбеков иеленді. Ал, бірінші орын Серік Қалиевке бұйырса, екінші орынды Анар Жаппарқұлова, ал үшінші орынды Айбек Қалиев еншіледі. Бақ сынаған өзге айтыскерлерге арнайы жүлделер табысталды.

Қазылар алқасының төрағасы, жазушы Мархабат Байғұт ұйымдастырушылар мен айтыскерлерге алғыс білдірді.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.