Қазақстан таланттылардың әлемдік рейтингінде 41-орында

2021 жылы Қазақстан IMD Халықаралық менеджментті дамыту институтының жыл сайынғы рейтингінде 41-орын алды. Бұл туралы ҚазАқпарат Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.


«IMD-2021 жылғы рейтингте Қазақстан өз позициясын 3 тармаққа және 2020 жылғы рейтингпен салыстырғанда 1,22 баллға жақсартып, 54,22 баллдық нәтижемен 41-орын алды», — делінген IMD хабарламасында.

IMD таланттар рейтингі өзінің бәсекеге қабілеттілігін нығайту үшін таланттарды дамыту және тартудағы экономиканың әлеуетін көрсетеді. Ағымдағы жылы Қазақстан рейтингтің 2 факторы бойынша өз позициясын жақсартқан.

«Тартымдылық» факторы бойынша Қазақстан 8 позицияға жоғарылап, 39-орынға ие болды. Бұл қорытынды рейтингке айтарлықтай әсер етті. Жақсару «Өмір сүру құнының индексі» бойынша 3 орын, «Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы» бой ынша 7 орын, «Шетелдік жоғары білікті кадрлар» бойынша 25 орын көрсеткіштері бойынша күшті позициялармен түсіндіріледі.

«Дайындық» факторы бойынша Қазақстан өз позициясын 7 тармаққа жақсартып, 43-орын алды. Жақсару «Жоғары буындағы құзыретті басшылар» бойынша 18-орын, «Қаржылық дағдылар» бойынша 29-орын, «Халықаралық тәжірибе» көрсеткіші бойынша 29-орын көрсеткіштері бойынша күшті позицияға қол жеткізумен түсіндіріледі.

Қазақстан Венгрия (42 орын), Тайланд (43 орын), Польша (45 орын), Украина (46 орын), Ресей (47 орын), Чили (48 орын), Түркия (53 орын) тәрізді елдерден алда. 2021 жылғы зерттеуге 64 ел қатысып отыр.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.