Арыста жаңа әкімшілік ғимараты пайдалануға берілді

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Арыс қаласына қарасты Ақдала ауылдық округінде жаңа әкімшілік ғимараты пайдалануға берілді.


Ашылу салтанатында қала әкімі Г.Құрманбекова, қалалық мәслихатының хатшысы А.Байтанаев, Арыс қаласының Құрметті азаматы О.Алдабергенов жаңа нысанның лентаны қиды.

«Ауыл көркіне сән қосқан жаңа әкімшілік ғимараты – ауылдың болашағын баянды, келешегін кемел етуге септігін тигізетініне сенемін. Өткен жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Ақдала ауылдық округінде 28 көшеге асфальт төселіп, жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Алдағы уақытта да әлеуметтік мәселелерді шешу арқылы тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған игі жұмыстар жалғасын табады», – деді қала басшысы.

Жылы әрі сапалы әкімдік ғимараты алдағы уақытта халық игілігі үшін қызмет көрсететін болады. Жиын соңында ауыл қариялары елге қызмет етіп жүрген азаматтарға ақ батасын беріп, жақсы істер жалғасын таба берсін деген ізгі тілегін жеткізді.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

  1. O que devo fazer se tiver dúvidas sobre meu parceiro, como monitorar o telefone celular do parceiro? Com a popularidade dos telefones inteligentes, agora existem maneiras mais convenientes. Por meio do software de monitoramento do telefone móvel, você pode tirar fotos remotamente, monitorar, gravar, fazer capturas de tela em tempo real, voz em tempo real e visualizar telas do telefone móvel. https://www.xtmove.com/pt/how-to-monitor-my-partner-cell-phone-without-target-phone/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.