АҚШ астронавты ғарыштан Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

НАСА астронавты Марк Ванде Хай Халықаралық ғарыш стансасының (ХҒС) бортынан Қазақстан Республикасын Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен, сондай-ақ АҚШ-пен достықтың 30 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Мен өз атымнан және экипажымның атымнан Қазақстанды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен, сондай-ақ Қазақстан-Америка қарым-қатынасының 30 жылдығымен құттықтаймын», — деп атап өтті Марк Ванде Хай ХҒС-тағы борттан.

Сондай-ақ ол 30 жыл бұрын Құрама Штаттардың Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы елдердің бірі екенін атап өтті. Содан бері екі ел барлық салаларда, соның ішінде ғарышты меңгеруде тығыз қарым-қатынас пен ынтымақтастық орнатты.
«Маған Қазақстандағы Байқоңыр ғарыш айлағынан осы үлкен орбиталық зертханаға екі рет ұшу бағы бұйырды. Қазақстанның қолдауының арқасында маңызды жұмысты жалғастырып жатырмыз», — деді НАСА астронавты.

 «ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *