Түркістан: “Qazaqstan Ardagerleri” Қауымдастығының төрағасы іс-сапармен келді

Түркістан қаласына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, “Qazaqstan Ardagerleri” Қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұл арнайы іс-сапармен келді.


Сапар барысында өңірдегі түрлі қоғамдық ұйым ардагерлерімен кездесу өткізді. Аталмыш шараға Парламент Мәжілісінің депутаты Берік Бекжанов, облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев, Қазақстан Республикасы жергілікті соғыс және Ауғанстан ардагерлер одағының төрағасы Шәріпбай Өтегенов және өңірдегі қоғамдық бірлестіктердің төрағалары мен белді мүшелері қатысты.

Жиында алғаш сөз алған Бақытбек Смағұл ардагерлердің қоғамдағы орнын айқындауға бағытталған жұмыстардың барысы мен алдағы жоспарлары жайлы баяндады. Сонымен қатар, ардагерлердің құқығын қорғайтын барлық қоғамдық ұйымдардың бірігіп, жұмыла әрекет ету керектігін баса айтты.

Жиын соңы пікір алмасуға ұласып, ардагерлер көкейтесті сұрақтарына жауап алды. Сондай-ақ, жиында белсенді ардагерлерге ҚР Қорғаныс Минстрлігі мен Республикалық одақтың арнайы төсбелгілері табысталды.

 «ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

  1. La compatibilité du logiciel de suivi mobile est très bonne et il est compatible avec presque tous les appareils Android et iOS. Après avoir installé le logiciel de suivi sur le téléphone cible, vous pouvez afficher l’historique des appels du téléphone, les messages de conversation, les photos, les vidéos, suivre la position GPS de l’appareil, activer le microphone du téléphone et enregistrer l’emplacement environnant. https://www.xtmove.com/fr/how-to-download-and-install-spy-app-on-android-phone-for-free/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.