Шымкент: Ауыз сумен қамту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде

Шымкентте биыл елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамту бағытында 14 нысанның құрылысы жүргізілді.


11 ішкі орамдық жүйе, үшеуі 30 шақырымды құрайтын магистралды суаққы.

10 елді мекенде құрылыс аяқталып, абоненттеу жұмыстары жалғасуда. Нәтижесінде Тұран, Асар-2, Солтүстік саяжай, Ынтымақ-2, Батыс, Жаңатұрлан және Ақтас-2, Жаңаталап, Сәуле(276 орам) және Нұртас елді мекенінде ауыз су мәселесі түбегейлі шешілді.

Жыл соңына дейін қамтылу көрсеткіші 98 пайызға, ал, қаланың даму жоспары бойынша 2023 жылы көрсеткіш 100 пайызға жетпек.

Сонымен қатар, биыл құбыр тарту жұмысы басталған Құрсай шағынауданында құрылыс келер жылы аяқтап, пайдалануға беру жоспарланған.

Қайнар бұлақ пен Сайрам тұрғын алабында ауыз сумен қамту құрылысы 2022 жылы жүргізіледі.

 «ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

  1. Cuando olvide la contraseña para bloquear la pantalla, si no ingresa la contraseña correcta, será difícil desbloquear y obtener acceso. Si descubre que su novio / novia sospecha, es posible que haya pensado en piratear su teléfono Samsung para obtener más pruebas. Aquí, le proporcionaremos la mejor solución sobre cómo descifrar la contraseña de un teléfono móvil Samsung. https://www.xtmove.com/es/how-to-track-samsung-phone-and-hack-password-without-them-knowing/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.