Түркістан облысында оқу орындарында мерекелік кеш өткізуге тыйым салынды

Түркістан облысында ASHYQ жобасына қатыспайтын объектілерде мерекелік және отбасылық іс-шаралар өткізуге тыйым салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Ал, ASHYQ жобасымен жұмыс істейтін нысандарда салтанатты, естелік, отбасылық және басқа да бұқаралық іс-шараларды 100 орыннан артық емес және 50%-дық толымдылықпен өткізуге рұқсат беріледі.

Түркістан облысының бас санитар дәрігері Нұрбек Нышанов жаңа жыл қарсаңында облыс көлемінде карантин талаптарын қатаң сақтау қажеттігін айтты.

«Нысандарда қатаң маскалық және дезинфекциялық режимді қамтамасыз етіп, қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіз «жасыл» мәртебесі болуын қадағалау керек. Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында, колледждер мен жоғарғы оқу орындарында іс-шаралар өткізуге тыйым салынған. Тек жекеленген сыныптар мен топтарда іс-шараларды өткізуге рұқсат етіледі. Бірақ ата-аналардың қатысуына тыйым салынады», — деді Нұрбек Садықбекұлы.

Айта кетейік, жаңа оқу жылы басталғалы 329 бала мектепте коронавирус инфекциясын жұқтырған.

 «ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

  1. When you forget the password to lock the screen, if you do not enter the correct password, it will be difficult to unlock and gain access. If you find that your boyfriend/girlfriend is suspicious, you may have thought about hacking his Samsung phone to get more evidence. Here, we will provide you with the best solution on how to crack Samsung mobile phone password. https://www.xtmove.com/how-to-track-samsung-phone-and-hack-password-without-them-knowing/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.