Қостанайда 5-сынып оқушысы өртеніп жатқан үйден төрт баланы аман алып қалды

Өрт сенбі күні Қостанайдағы «Садовод» саяжайы аумағында болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


2021 жылғы 25 желтоқсанда сағат 11:36-да 101 қызметіне Қостанай қаласындағы «Садовод» саяжайы аумағында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Куәгер саяжайдың өртеніп жатқанын хабарлаған. Өрт сөндірушілер келген кезде тілсіз жау 6 адам тұратын тұрғын үйдің 60 шаршы метр аумағын шарпыған. Өрт шатыр тақталары мен тұрғын үйлердің ішіне жайылған.

Үйде ешкім болған жоқ. «Бұл күні Қостанай қаласының № 22 орта мектебінің 5 сынып оқушысы «Садовод» саяжайында тұратын Олег Пирог көшеде ойнап жүріп, көрші үйден түтін шығып жатқанын көреді. Олег мұнда кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасы тұратынын біледі. Үлкен қызы 8 жаста, ал ең кішісі 2 жаста. Өрт сөндірушілердің келуін күтпей, ол түтіндеген үйге терезе арқылы кіріп, өз өмірін қатерге тіге отырып 4 баланы кезекпен көшеге шығарған. Бұл уақытта ата – аналары үйде болмаған. Олар пешті жағып, дүкенге кетті», — деп түсіндірді департамент.

 «ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

  1. Cuando tenga dudas sobre las actividades de sus hijos o la seguridad de sus padres, puede piratear sus teléfonos Android desde su computadora o dispositivo móvil para garantizar su seguridad. Nadie puede monitorear las 24 horas del día, pero existe un software espía profesional que puede monitorear en secreto las actividades de los teléfonos Android sin avisarles. https://www.xtmove.com/es/how-to-hack-someones-android-phone-without-touching-it/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.