Келесі жылдың 5 қаңтарында ескі көліктерді қабылдау қайта басталады

Істен шыққан көлік құралдарын жоюға қабылдау 2022 жылдың 5 қаңтарында қайта басталады. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі тозығы жеткен 70 мың ескі көлікті (жеңіл және жүк техникасын) қабылдауға квота бөлді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Енді 5 қаңтардан бастап көлік қабылдаудың электронды кезегі ашылып, өңірлердегі 18 бекет өз жұмысын бастайды.

2022 жылы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өзгеруіне байланысты, көлік құралының санаты мен жиынтығына байланысты 165 402 теңгеден бастап 606 474 теңгеге дейінгі аралықта болады.

Көлік санаты Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) Берілетін өтемақы (теңге)
М1 72 220536
М1 (2) 54 165402
М2, N2, N1 144 441072
М2, N2, N1 (2) 126 385938
М3, N3 216 661608
М3, N3 (2) 198 606474

Биыл қазақстандықтар ескі көлік тапсырудан рекордтық нәтиже көрсетті. 2021 жылы қазақстандықтар 50 005 көлікті жоюға тапсырды.

Оның 37 495 жеңіл көлік, 4040 жолаушы және 8 470 жүк көлігі. Істен шыққан машинасын жоюға тапсырғандарға 13,833 млрд теңге қаражат төленді.

Аймақтар бойынша көлік тапсырудың алдында Шымкент қаласы тұр. Аталған қала тұрғындары 12 068 көлік өткізген.

Екінші орында 5175 тапсырған Алматы қаласы және үшінші орында 4788 техника өткізген Тараз қаласы тұр.

Үздік төрттікті 3239 бірлік машина тапсырған Қарағанды қаласы жайғасқан.

Істен шыққан көлік құралдарын тапсыруды ынталандыру бағдарламасы басталғаннан бері қабылдау бекеттері 214 932 көлік құралын кәдеге жаратуға қабылдады.

Оның ішінде 194 163 жеңіл автокөлік, 14 590 бірлік жүк техникасы және 6 179 бірлік ауыр салмақтығы машина.

Қабылданған техниканың барлығы Қарағанды зауытына кәдеге жаратуға жіберіледі.

Қабылдау бекеттерінің мекен-жайлары және электронды кезекке тұру recycle.kz сайтында «Қалықтарды басқару», оның ішінде «Ескі көліктерді қабылдау» бөлімінде орналастырылған.

 «ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *