Ақжол Қалшабек: Бұл бастама арқылы тарихи әділдік қалпына келтіріледі

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай жариялаған үндеуіне шымкенттік тарихшылар мен зиялы қауым өкілдері үн қосып, пікірлерін білдіріп жатыр. Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ақжол Қалшабек те Үндеуге өз ойын қосты.


«Бүгін саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мақсатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы Үндеу жариялады. Бұл мәлімдемеден еліміздің түп-тамыры сақталып, тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатқанын білдік.

Үндеу барысында Қ.Тоқаев: «ХХ ғасырдың 20–50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін зобалаңы – халқымыздың тарихындағы қасіретті кезең. 100 мыңға жуық азаматымыз қуғын-сүргінге ұшырап, соның 20 мыңнан астамы атылды. Жазықсыз жазаланғандардың қатарында Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Тынышбаев, М.Дулатұлы, Т.Рысқұлов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Асфендияров сияқты көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, басқа да ұлт зиялылары бар», – деді. Одан бөлек, жазықсыз жазаланғандардың әрқайсысын есте сақтау арқылы ғана кемел келешекке жол ашып, болашақтың берік негізі Тәуелсіздіктен бастау алатынын баса айтты.

Мемлекет басшысының саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құру бастамасы – қасқалдақтың қанындай өте қажет дүние. Мұны дұрыс шешім деп есептей отырып, зобалаңға ұшыраған боздақтарымыздың атын жаңғыртып, тарихын толыққанды зерттесе деймін. Өйткені солақай саясаттың арқасында сан мыңдаған дарындыларымыз бен біртуар тұлғаларымыздан айырылдық. Ел ұстыны қоғам қайраткерлеріміз бен ақын-жазушыларымыз нысанаға ілікті. Сондықтан бұл зұлматты ұмыту мүмкін емес»,-деді Ақжол Қалшабек.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.