Шымкент: Айжани Нұрланова № 6 әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің штаттан тыс кеңесшісі Айжани Нұрланова Шымкент қаласындағы № 6 әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты.


ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің штаттан тыс кеңесшісі Айжани Нұрланова стационарлық типтегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде қызмет алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, Шымкент қаласы әкімдігінің № 6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында болып, уақытша тұрушылардың өмір сүру жағдайларымен танысып және оларды оңалту бойынша ұсыныстар берді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл мекеме 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға стационар және жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді.

Орталық 300 төсек-орынға есептелген. Қазіргі уақытта стационарда 150 бала, жартылай стационар жағдайында – 103 бала оңалтудан өтуде

Орталық мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

— балаларға әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету, жасына және денсаулық жағдайына барынша сәйкес келетін үй жағдайына жақын өмір сүру жағдайларын жасау;

— балаларға күтім жасауды қамтамасыз ету, оларға әлеуметтік- медициналық қызмет көрсету;

— әлеуметтік-еңбек қызметтерін көрсету;

— әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету;

— әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсету;

— әлеуметтік-педагогикалық қызмет көрсету;

— әлеуметтік-экономикалық қызмет көрсету;

— әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсету.

Айжани Нұрланова мекемедегі жағдаймен, тұрмыстық жағдайлармен және уақытша тұрушылардың оңалту бағдарламаларымен танысты.

Мекеме басшылығымен әңгіме барысында жүргізілген жөндеу жұмыстарының барысын бақылау және балаларды қосымша заманауи оңалту құралдарымен қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ Айжани Нұрланова қызметкерлер арасында психологиялық оқу курстарын өткізу, оларды жылына екі рет санаториялық-курорттық емделуге жіберу және психологиялық шаршауға жол бермеу үшін мотивациялық іс-шараларды өткізу бойынша ұсыныстар берді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.