Шымкент: Мәслихат сессиясы онлайн өтті

Шымкент қаласы мәслихатының алпыс бесінші сессия болып өтті, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.


Бүгін қаладағы карантин жағдайына байланысты алтыншы шақырылған Шымкент қаласы мәслихатының алпыс бесінші сессиясы онлайн режимде өтті. Күн тәртібінде 26 мәселе қаралды. Нақтырақ айтар болсақ, сессия барысында қала әкімдігінің 2019 жылғы бюджетінің атқарылған есебі тыңдалып, бюджетке өзгерістер енгізілді. Сонымен қатар, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасына орай Шымкенттегі қоғамдық көліктердің қызметін жақсарту мақсатында бағаларды саралау мәселесі қаралды. Енді қала тұрғындары жаңа жүйеге сәйкес қоғамдық көлікте жолақысын электронды төлеген жағдайда 70 теңге, ал қолма қол болса 100 теңге төлейтін болады.

Бұдан бөлек, шаһардағы төрт аудан әкімдерінің атқарған жұмыстарының есебі тыңдалып, мектепке дейінгі білім беру жүйесінің жағдайы сөз болғанын айта кеткен жөн. Сондай-ақ, басқарма басшысы қазіргі таңда жекеменшік балабақшаларға қатысты бірқатар өзекті мәселелер бар екенін атап өтті.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.