Мақсұт Исахов: Шымкентте бұқаралық спортты дамытуымыз керек

Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты 31 спорт нысаны бар. Кейбірінің ғимараты ескірген. Тозған. Талапқа сай келмейді. Бұқаралық спортты дамытуға үндеген Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов бұл туралы  өзінің фейсбуктегі парақшасында жазды.


Мақсұт Пернебайұлы спорт саласын жандандырып, спортшыларға жағдай жасау бағытында қала тұрғындарынан нақты ұсыныстар күтетінін жеткізді.

«Жуырда қала әкімінің орынбасары ретінде жетекшілік ететін бағыттарым спорт басқармасы мен мемлекеттік сатып алу басқармасы салаларымен толықты.

Қазір осы салалардағы жұмыс бабымен танысып, карантин салдарынан төмендеген қарқындылықты жақсартудың жаңа тәсілдерін қарастырудамыз.

Бүгінде Шымкент қаласында әкімдікке қарасты 31 спорттық нысан бар екен. Олардың қатарында Қажымұхан стадионы мен спорт мектеп, интернаттары, спортшыларды жарыстарға дайындайтын орталықтар мен бұқаралық спорт кешендері бар.

Дегенмен, ғимараттардың кейбірі ескірген, заманауи талапқа сай келмейді. Шатырынан су ағып, жаттығатын орындары қолайсыз жерлерді де көрдім.

Біз, әкімдік, басқарма, мектеп ұжымы, еліміздің намысын қорғайтын спортшыларымызға барынша қолдау көрсетіп, оларға бар мүмкіндіктерді қарастыруымыз керек. Ең алдымен олардың жаттығуына қолайлы жағдай жасап, спорттағы еңбектері бекер емес екеніне көз жеткізуіміз керек.

Сондай-ақ, бұқаралық спортты дамытуымыз керек. Қала тұрғындарына әрдайым насихаттап, қолайлы жағдай жасауымыз керек. Егер ұсыныстарыңыз, жобаларыңыз болса, әрдайым ашықпыз, айтыңыздар,»- деп жазды Мақсұт Пернебайұлы.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.