Шымкент: «Ашық кабинеттер» призмасы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтудың тиімді тетігі

Шымкенттің мектеп директорлары кабинеттерін босатып жатыр. Ауданы кең кабинеттер оқушылар оқитын сыныптарға айналды. Ал, білім беру ордаларының басшылары мектеп ғимаратының бірінші қабатына жайғасуда. Және директор кабинеті 32 шаршы метрден аспайтын, шыны қабырғадан жасалуы тиіс. Бұл «Open space» жобасының талабы.


 «Ашық кабинеттер» призмасы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтудың тиімді тетігі болмақ. Бүгінде қаладағы барлық білім беру мекемесінің директорлары ауданы кең кабинеттерін босатқан. Абай атындағы №90 мамандырылған дарынды балаларға арналған мектеп лицейі талап үдесінен толық шығып отыр.

«Елімізде басталған бұл үрдіс Шымкент қалалық білім беру басқармасының тапсырмасымен белгіленді. Мектеп басшылары бірінші қабатқа түсіп және кабинеттері ашық түрде көрініп тұратындай болу керек»,- дейді Арман Орынбеков – Абай атындағы №90 мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-гимназиясының директоры

Кабинет шынылы айна қабырғалармен қоршалған. Мұндағы басты мақсат – ата –аналармен тығыз байланыста болу. Мекемедегі қауіпсіздік шараларын  назарда ұстау. Жаңа оқу жылында бұл мектепте 16 бірінші сынып ашылмақшы. Осыған орай алғашқы сынама сабақтар басталып кетті.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *