Шымкент қаласы қашықтан оқыту бойынша республикада көшбасшылар қатарында

Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қалалық Білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева мәлімдеді.


– Шымкент қаласы республика бойынша мектептерде «Bilim Iand-Onlinemektep.org» интернет платформасында қашықтан оқытуда екінші орында тұр. Ал ҚР БҒМ тарапынан ендірілген «Күнделік.кз» электронды журналдар ақпараттық жүйесінде үздік үштікті қорытындылады. Бұл көрсеткіш – қыркүйек айының қорытындысы. Яғни, Шымкент қаласында қашықтан оқыту барысы өз деңгейінде, – деді Ж.Тәжиева.

Басқарма басшысының айтуынша, бүгінде қалада 1-4-сыныптар аралығында 49 640 оқушы 3 344 кезекші сыныпта, ал 174 978 (78%) оқушы қашықтан білім алуда. Қашықтан білім беру жағдайында 224618 оқушының 80 780-інде (36,3%) компьютерге тапшылық анықталған. Білім ұйымдарындағы компьютерлерді уақытша беру арқылы бірінші кезекте әлеуметтік көмекті қажет ететін 20 150 отбасының 35 798 баласы қамтылған. Алдағы уақытта сатып алынатын компьютерлік құрылғылар есебінен 44 982 оқушы қамтылады. Оның ішінде 7 109-ы – аз қамтылған отбасы балалары, ал ББҰДҚ сәйкес 37 873-і компьютерді қажет ететін отбасы балаларына беріледі.

Жанат Арысбекқызының сөзіне сүйенсек, қазіргі таңда қаладағы орта білім беру ұйымдары оқушыларына таратылған компьютер саны 33 840-ты құрап отыр. Бұл көрсеткіш осы жылдың шілдесіне дейін 9226 болған. Ал шілде айында 10 975 компьютер сатып алынған. Қыркүйек айының соңындағы мәліметке жүгінсек, 7438 компьютер, 2000 ноутбук және 4201 планшет сатып алынған.

Айта кетейік, компьютерлік техниканы сатып алу бойынша жұмыстар жалғасуда.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.