Шымкент: Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру — басты назарда

Шымкентте педагог кадрлардың біліктілігін арттыру — басты назарға алынған,-деп хабарлайды Шымкент қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі.


Шымкент қаласы білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Шымкент қаласында 752 білім беру ұйымы бар. Және онда 26 708 педагог қызмет етеді. Оның ішінде, 133 мемлекеттік мектептегі педагогтар саны – 15 578.
Бүгінде олардың 14761-і жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында біліктілігін арттыру курстарынан өткен. Сонымен қатар, биыл «Өрлеу» арқылы 8 288-і курстан өтті.
Одан өзге, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 4 500 мұғалім тегін оқыту курстарынан білім алған.
Сондай-ақ, мектептерде 190 ұстаз робототехника курсын, 200 информатика пәні мұғалімі жаңа форматта және 240 мұғалім 3D принттинг курсын тәмамдаған.
Маусым-шілде айларында қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша жалпы 4879 педагог оқытылған. Ал, тамызда «Onlain.kz» платформасы арқылы қашықтықтан оқыту жүйесінде жалпы 15 578 педагог курстан өткізілді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

 
Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.