Шымкент: Әкімшілік-іскерлік орталығы 5 көпқабатты үйдің құрылысы жыл соңына аяқталады

Шымкент – құрылысы қайнаған алып шаһар. Қалада көпқабатты тұрғын үй құрылысы қарқын алған, деп хабарлайды anyq.kz  ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің құрылысты уақтылы әрі сапалы орындау жөніндегі тапсырмасына сәйкес құрылыс жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Әкімшілік-іскерлік орталығындағы 8 арендалық тұрғын үйдің құрылысы жоспарға сай жүргізілуде. № 44, 45, 46, 47, 48 үйлерді желтоқсан айында аяқтау жоспарланса, № 41, 42, 43 үйлер 2021 жылға өтпелі. Құрылысқа жауапты мердігер мекемелер – «Атамекен Корпорациясы» ЖШС, «Корпорация Ақ-ордасы» ЖШС және «Югстройсервис-Н» ЖШС.
Сондай-ақ, Арғынбеков көшесі бойында салынып жатқан 4 тұрғын үйдің құрылысы да жоспарға сай жүргізілуде. № 2, 3 үйлердің құрылысын «Югстройсервис – Н» ЖШС-і жүргізуде. Ал, № 1, 4 үйге – «Орион – LTD» ЖШС жауапты. Мердігер компания өкілдерінің айтуынша, тұрғын үйлер 2021 жылы пайдалануға тапсырылады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.