Шымкентте 2020 жылы ауыл шаруашылығының өнім көлемі 4,9 млрд теңгеге артқан

Шымкентте 2020 жылы ауыл шаруашылығының өнім көлемі 4,9 млрд теңгеге артқан,-деп хабарлайды «anyq.kz» ақпараттық агенттігі Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.


ҚР агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 — 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы негізінде Шымкент қаласында 2020 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 36,1 млрд теңгеге жеткен. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,9 млрд теңгеге артып, жақсы көрсеткіш болып отыр.

Ал, жалпы ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорт көлемі 138,8 млн. АҚШ долларын құраған(қаңтар-қараша). Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 107,5% немесе 9,7 млн. АҚШ долларына артты.

Айта кету керек, жоғарыда айтылған нәтижелер  межеленген жоспардан артық көрсеткішті көрсетіп отыр. Бөлшек сауда көлемі 414.7 млрд теңгені құрап отыр.

Ауыл шаруашылығы және тамақ өнімдерін өндірудегі негізгі капиталға 2020 жылы 7,6 млрд теңге инвестиция тартылған. Ал, өткен есепті кезеңмен салыстырғанда 3,3 млрд теңгеге немесе 1,7 есеге артып отыр.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.