Шымкент: Көрме орталығында 200-ге жуық іс-шара ұйымдастырылған

Бүгін де көрме орталығы десе, көз алдымызға жиындар, арнайы көрмелер, мерекелік кештер өткізілетін әдемі орталық елестейді. Бірақ, бұл орталық туралы көпшілік кеңінен біле бермейтіні рас. Ендеше толығырақ тоқтала өтейік.


Көлемі 2 мың шаршы метрді алатын «Көрме» орталығы әкімшілік-іскерлік орталығы маңында орналасқан. Орталықтың негізгі қызметі мәдениет саласында көрмелер өткізуді қамтамасыз ету, халық-шаруашылық жетістіктері туралы білім мен ақпаратты насихаттау, тарату және жариялау болып табылады. 2013 жылы іске қосылған мекемеде түрлі үлкен дәрежедегі көрме жәрмеңкелер, бизнес-форумдар, конференция, семинарлар сынды 200-ге жуық іс-шаралар ұйымдастырылған.

Мекеме басшысы Қарабекова Зухра Әмзеқызы 2013 жылдан бері абыроймен қызмет атқаруда. Тынымсыз еңбегінің арқасында Б.Момышұлының «Батыр Шапағаты» медалінің иегері. Салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы бірлестігінің «Еңбек даңқы» төсбелгісімен, ҚР Ішкі істер министрлігінің марапаттауы, ОҚО әкімінің және Шымкент қаласы әкімінің алғыс хаттарымен, ОҚО мәслихатының Құрмет грамотасы және білім және мәдениет саласында атқарған қызметі үшін көптеген алғыс хатармен марапатталған.

Ұйымшыл, бірлігі жарасқан ұжым арқасында «Көрме орталығы» жұмысы жанданып, ел игілігі үшін қызметін атқаруда.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.