Шымкентте 149 мыңнан аса тұрғын вакциналанды

Шымкент қаласында өткен тәулікте КВИ-дің 75 жағдайы тіркелді (белгілері бар — 50, белгілері жоқ — 25). 30 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 45 адам үй бақылауына алынды.


Мамандандырылған инфекциялық стационарларда 1 406 орын бар (қалалық инфекциялық орталық — 490, «Атамекен» клиникасы — 450, Орынбай ГБОО — 70 орын, №14 емдеу орталығы – 250, қалалық перинаталдық орталық – 30, оңалту орталығы — 100, қалалық клиникалық балалар ауруханасы — 10, Шымкент жүрек орталығы — 6), төсек орын толымдығы 50%-ды құрайды, 698 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 708 науқас емделуде (КВИ-351, пневмония-354, ЖРВИ-3), жансақтау бөлімінде — 33 (11 — ИВЛ, 22 — НИВЛ).

Осыған дейін 392 190 адамнан ПТР сынамасы алынған болса, бір тәулік ішінде – 1311.

Вакциналандыру жұмыстарына тоқталар болсақ, 10 мамыр күні қалада 4184 адам вакцина алды (I компонент-1442, II компонент-2743). Егу науқаны басталғалы барлығы 149 314 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 53 124 адам вакцинаның екі компонентін алды.

Ал, санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 14 мобильдік топ 154 нысанға тексеру жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде 3 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Құрметті қала тұрғындары! Шаһардағы барлық емханада вакцина салу бекеттері ұйымдастырылған. Онда демалыссыз түнгі 22.00-ге дейін тұрғындарды қабылдап жатыр. Коронавирусқа қарсы вакцина салдыру арқылы өзіңіздің және туыстарыңыздың өмірін сақтаңыз.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.