Қонаев даңғылының ІІ кезеңін жалғастыру үшін кейбір көшелер жабылды

Шымкентте Қонаев даңғылы жолайрық құрылысының  ІІ кезеңі жүріп жатыр. Бүгіннен бастап Қонаев даңғылының ІІ кезеңін жалғастыру үшін Әйтеке би көшесі Амангелді көшесінен Володарский көшесіне дейін жабылды.


Бұл туралы Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы хабарлайды.

Нысанды айналып өту мақсатында көліктердің қозғалысы Қабанбай батыр, Ерманов, Володарский, Бостандық және Өзбек көшелерімен ұйымдастырылатын болады.

Сондай-ақ, Амангелді, Бостандық, Милицейская, Өзбек, Красноярская, Шымкент көшелерінің тұрғындары үшін осы орамның батыс бөлігінен қолданыстағы Қалдаяқов, 8 март көшелері арқылы қозғалуға және шығыс бөліктен Түркістан, Тоқаев, Әйтеке би көшелері арқылы кіріп-шығуға мүмкіндік қарастырылған.

Қазіргі таңда сол маңайдағы тұрғын үйлерді жол құрылысына байланысты мемлекет мұқтаждығына қайтару шаралары атқарылуда.

Ал кәсіпкерлік нысандарына арнайы орындар қарастырылған.

Айта кету керек, құрылыс жобасы туралы біраздан бері насихаттық жұмыстары жүргізіліп келеді.

Осы ретте, орын алған қолайсыздықтар үшін қала тұрғындарынан кешірім сұрап, түсіністікпен қарауларын сұраймыз.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

  1. I see You’re truly a excellent webmaster. The website loading velocity
    is incredible. It kind of feels that you’re doing any unique trick.
    Furthermore, the contents are masterwork. you’ve performed a excellent process in this subject!

    Similar here: najtańszy sklep and also here:
    Sklep

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.