«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы Саяси кеңесі Бюросының кезекті отырысы өтті

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Мұрат Әйтеновтың төрағалығымен қалалық партия филиалы Саяси кеңесі Бюросының кезекті отырысы өтті.


Мәжілістің күн тәртібінде «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын Шымкент қаласында іске асыру бойынша әзірленген Жол картасының тиімді жүзеге асырылуы мен «Jas Otan» Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалының «Жастар – Отанға!» сайлауалды бағдарламасының Жол картасын бекіту мәселелері қаралды.

Бюро отырысында «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты бағдарламасы аясында жыл басынан бері атқарылған жұмыстар бойынша Шымкент қаласы экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Рақымберді Жанысбекұлы Мулкемановтың есебі тыңдалып, ол бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Қалалық партия филиалының төрағасы, қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы бүгінгі күні қалада жастар саны 85 мыңға жуықтағанын айрықша атап өтіп, жас қазақстандықтардың ел мүддесі жолында жұмыла қызмет етуін және олардың парасатты тұлға болып қалыптасуын қамтамасыз етуге бағытталған жобаның маңыздылығына тоқталды.

«Жастар-Отанға!» 2025 жылға дейінгі бағдарламасының «Жол картасының» аясында біз алдымызға жастардың өмір сүру сапасын арттыруға, өз қабілетін іске асыру әлеуетін ашуға мүмкіндік беретін нақты міндеттер қоямызОның іске асырылуы орталық және аймақтық деңгейлерде келесі шаралар арқылы қамтамасыз етіледі. Және әртүрлі санаттағы жастардың мүддесін қамтиды және әлеуметтік зерттеулер мен сауалнамалардың нәтижелеріне сүйенеді, — деп атап өтті «Jas Otan» Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалының төрағасы Мағжан Исахов.

Мәжіліс соңында Қалалық партия филиалының төрағасы партия филиалы мен саяси кеңес мүшелеріне бағдарламаны іске асыру бойынша нақты тапсырмаларды жүктеп, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы, партия көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Саяси кеңес бюроларына «Nur Otan» партиясының барлық сайлауалды міндеттемелерінің тікелей және қатаң бақылау жасау міндетін қойғанын айтты.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.