Түркиялық «Yerli düşünce» журналы соңғы нөмірін Түркістан қаласына арнады

Түркияның «Yerli düşünce» журналының соңғы нөмірі толықтай Түркістан шаһарына арналды.


Бұл туралы Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

128 беттен тұратын журнал «Ясауи жолының сыры, Түркі әлемінің жүрегі-Түркістан» тақырыбында таралымға шыққан.

Айта кетерлігі, танымал басылымда түркі жұртының зиялы қауым өкілдері қала тарихымен қатар, қазіргі даму қарқыны және келешегі жөнінде жазған.

Атап айтқанда, Түркия президентінің бас кеңесшісі Алсын Топчының, Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейіновтың, Қазақстанның Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлының, Әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университеті ректоры Жансейіт Түймебаевтың және түркиялық белгілі ғалымдардың мақала, сұхбаттары жарияланған.

Сонымен қатар, ғалым Фатма Сөнмез де Түркиядан арнайы Түркістан қаласына келіп, тарихи-қасиетті мекенді аралау барысында жазған көлемді мақаласын да журналда жария еткен.

Аталған журналдың соңғы нөмірінде қала тарихы терең, болашағы жарқын, даму қарқыны жоғары бірегей қала екендігі жазылған.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

3 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.