Түркістан: Кентаулық «Замира» қызанағына сұраныс көп

Түркістан облысы, Кентау қаласының «Замира» қызанағына сұраныс көп. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.


Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылының тұрғыны Абдашим Юлдашев 2009 жылдан бастап жылыжай шаруашылымен айналысып келеді. Кәсіпкер бүгінде 0,2 га аумақта көкөністің екі түрін өсіріп, өнім алуда. «Замира» деп аталатын қызанақтың сортын егуді қолға алған ол жылына 30-40 тонна өнім алуда. Ол қызғылт қызанақ пен қияр өнімін Кентау қаласынан бөлек өзге өңірлерге де сатылымға шығарады.

Жылыжай шаруашылығын отбасылық кәсіпке айналдырған қожалық иесі ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпкердің бүгінгі таңда өнімін тасымалдайтын 3 дана ауыр және 1 дана жеңіл көлігі бар.

Сорты ерекше қызғылт қызанақ пен қиярға деген сұраныстың артуына байланысты тағы бір жылыжайдың құрылысы жүргізілуде. Күз мезгілінде құрылысы аяқталса көшеттерді егіп, өнім алу жоспарлануда. Кәсіпкер осылайша жылыжайдың көлемін 0,5 га аумаққа ұлғайтуға ниетті.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.