Келес ауданында карантин талаптарын сақтамаған бірнеше нысан анықталды

Келес: Шұғыл топ өкілдері отбасылық шараны тоқтатып, адам шоғырлануының алдын алды.


Оның бірі Біртілек ауылдық округіндегі «Сая» мейрамханасы. Бүгін аудан әкімдігі жанынан құрылған мобильді топ өкілдері аталмыш мейрамханада өткізілмек болған «бесік той» отбасылық шарасын тоқтатып, адам шоғырлануының алдын алды. Мейрамхана иесі мен той істемек болған тұрғынға АКТ толтырылып, үйлестіру орталығы және аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына мәліметтер жолданды.

Шұғыл топ аудан аумағында мониторинг жұмыстарын жүргізу барысныда Абай ауылындағы базар маңында ретсіз сауда орындары талаптарды бұзып жатқанын көріп, кәсіпкерлік нысан иелеріне ескерту берді.

Мониторинг жұмыстары барысында Қошқарата ауылдық округі аумағында орналасқан «Әлеуметтік базар»дың жұмысы Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы негізінде жұмысы тоқтатылды. Айта кететін жайт, аудан аумағында күшейтілген санитариялық талаптардың сақталуын қадағалау мақсатында 3 мобильді топ күндіз және түнгі мезгілде рейд жұмыстарын тұрақты түрде жүргізеді. Басты мақсат – тұрғындардың шоғырлануына жол бермей, қауіпті індеттің алдын алу болып табылады. 

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.