Кентау: Кезекті аппараттық мәжіліс өтті

Кентау қаласының әкімі Дәурен Махажановтың төрағалығымен кезекті аппараттық жиналыс өтті.


Жиналыстың күн тәртібіндегі төрт мәселе қаралды.

Бірінші мәселе бойынша қалалық санитарлық-эпидемологиялық бақылау басқармасының басшысы Егембердиева Ғазиза Ақанбайқызы карантин талаптарын сақтауға байланысты құрылған мобильді топ құрамымен анықталған заң бұзушылықтар және көрілген шаралар туралы баяндады.

Екінші мәселеде қала әкімі аппаратының ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің басшысы Сержан Нарбек бірыңғай байланыс орталығына келіп түскен арыз-шағымдар мен оған кері байланыстың барысы жайында мәлімет берді.

«Кентау Сервис» МКК-ның директоры Сабит Дауылбаев 2021-2022 ж.ж. жылу маусымына дайындық жұмыстарының барысы туралы баяндады.

Күн тәртібіндегі соңғы баяндамашы қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Қадырхан Тулепбергенов қаладағы азық — түлік бағасын тұрақтандыру шаралары туралы атап өтті.

Мәжілісті қорытындылаған қала әкімі Даурен Сабитұлы қаладағы эпид ахуалды қадағалауды, сонымен қатар тұрғындарға насихат жұмысын жүйелі жүргізуді мобильді топ жетекшілеріне тапсырды. Сала басшыларына тұрғындар тарапынан түскен арыз-шағымдарға дер кезінде жауап беру керектігін ескертті.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.