Парламент Мәжілісінің депутаты Қ. Ержан — Түркістанда

Қазақстан Республикасының Парламенті мәжілісінің депутаттарының тұрғындармен кездесулері аясында ағымдағы жылдың 19-27 тамыз аралығында Түркістан облысының бірқатар аудандарында халықпен кездесу өткізу жоспарланған.


Осыған сәйкес бүгін біздің қаламызға Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының үшінші, төртінші және бесінші шақырылымдарының депутаты, 2012-2016 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы болған өңірімізге танымал тұлға, ел жанашыры қазіргі таңда 2016 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, «Nur Otan» партиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі Фракциясының мүшесі Ержан Құдайберген Төлепұлы ат басын бұрды.

Ол қаламыздағы мәслихат депутаттарымен кездесті. Кездесуге қалалық әкімдікке қарасты бөлім басшылары мен аппарат басшысы қатысты. Кездесуді мәслихат хатшысы Мақсат Асылбекұлы ашып, жүргізіп отырды. Кездесу барысында сөз алған Құдайберген Төлепұлы елімізде туындап жатқан мәселелерге тоқталып, олардың орындалу барысын да атап өтті. Сонымен қатар мәслихат депутаттары сөз алып елімізде белең алып отырған бірқатар мәселелерге тоқталды.

Атап айтқанда Ғаппар Амантайұлы : ауылшаруашылық саласы бойынша туындап жатқан мәселелер жем – шөптің жептіспеушлігі салдары және дәнді дақыл бидайдың субсидиялануы бойынша сұрақтар қойды. Сондай – ақ Ардақ Үсенұлы мен Рая Серікбайқызы медицина саласы бойынша туындап жатқан мәселелерді алға тартты. Сөз соңында Жәмила Төреханқызы сөз алып, азық – түліктің қымбаттауы және кәсіпкерліктің дамуы барысына тоқталды. Мәслихат хатшысы Мақсат Асылбекұлы Құдайберген Төлепұлына мәслихат депутаттары тарапынан алғысын білдіріп, жиынды қорытындылады. 

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *