Түркістан: «Қоғамдағы этносаралық тұрақтылықтың ерекшеліктері» тақырыбында семинар өтті

Түркістан облысының әкімдігі мен облыс прокуратурасының ұйымдастыруымен Түркістан облысы аумағында қоғамдық-саяси және этносаралық тұрақтылықты қамтамасыз ету, ұлтына, тіліне қарамастан тұрғындардың бір-біріне деген құрмет көзқарасын қалыптастыру мақсатында «Қоғамдағы этносаралық тұрақтылықтың ерекшеліктері» тақырыбында семинар болып өтті.


Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты «ZOOM» платформасы арқылы өткізілген жиынға облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, облыс прокурорының орынбасары Жомарт Нұрғали, облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Дамир Жүнісов, құқық қорғау органдарының басшылары мен қала, аудандардың әкімдері және тарихшы, ғалымдар мен облыстағы этнос өкілдері қатысты.

Семинарда этносаралық қақтығыстардың алдын алудың заманауи әдістері, модельдері, теориялық және практикалық аспектілері талқыланып, мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылдардың маңыздылығы туралы белгілі ғалымдар мен осы салада еңбек етіп жүрген кәсіби мамандардың баяндамалары тыңдалды.

Жиынды облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов жүргізіп «Өңірімізде этносаралық келеңсіздікке жол бермеу баршамыздың да жауапкершілік танытуымызды қажет етеді. Себебі, қоғамда тұрақтылықты сақтау біздің міндетіміз. Тұрақтылық болмаған жерде даму да болмайтынын өздеріңіз жақсы білесіздер» деп жиынның күн тәртібін таныстырды.

Алғаш сөз алған облыс прокурорының орынбасары Жомарт Нұрғали облыстағы этносаралық тұрақтылықты сақтаудың басым бағыттары мен сол бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

Сонымен қатар, басқосуда тарих ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Артықбаев «Қазақстандағы этносаралық тұрақтылықты қамтамасыз етуде мәдени ықпалдастықты дамыту» тақырыбында баяндама жасап, мәдени ықпалдастықтың нығаюы этносаралық тұрақтылықты сақтаудың басты жолы екендігін атап өтті.

Сондай-ақ, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркология ғылыми-зерттеу институтының директоры Досай Кенжетай «Еліміздің оңтүстік өңірлерінде этноәлеуметтік үрдістің дамуының негізгі бағыттары; сарапшылық баға», Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің доценті, PhD доктор, Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың жеткешісі Қайнар Қалдыбай «Этносаралық қақтығыстарды реттеу және азаматтық келісімді қолдау: модельдер, тәсілдер, тәжірибелер» тақырыптарында баяндама жасап, өз ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды.

Семинар барысында өңірдегі этнос өкілдерінің тыныс-тіршілігін баяндайтын «Этносаралық келісім тұрақтылығы» тақырыбында бейнеролик жұрт назарына ұсынылып, мүдделі органдарды ақпараттық материалдармен қамтамасыз ету мақсатында әдістемелік құралдар шығарылып, қатысушыларға таратыландығы айтылды.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *