Сарыағаш: Аудан әкімі Парламент Мәжілісінің депутаттарымен кездесті

Сарыағаш ауданы әкімі Мұхит Отаршиев Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаттары Дархан Мыңбай мен Елнұр Бейсенбаевпен кездесті.


Маңызы зор іс-шарада  «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев та болды.

Бұл туралы Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Халық қалаулылары мен аудан басшысы бас қосқан кездесуде тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі Елбасы тапсырмасының ауданда орындалу барысы мен бірқатар мемлекеттік және салалық бағдарламаларды жүзеге асыру мәселелері сөз болды.

Аудан әкімі алдымен халық қалаулыларына ауданның әлеуметтік-экономикалық даму барысын айтты. Өзге аймақтармен салыстырғанда, ауданда әр салада жоғарғы көрсеткіштер, өсімдер байқалады. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін бірқатар шаралардың қолға алынатынын атап өтті.

Кездесу барысында, агроөнеркәсіп кешеніне қатысты мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру, аймақтағы елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету және жол инфрақұрылымын дамыту секілді маңызды мәселелер талқыланды. 

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.