Төлеби: Қасқасу ауылдық округінде инфрақұрылым мәселесі толық шешімін табуда

Қасқасу ауылдық округінде ауыз су, газ құбырлары, электр желілері тартылып, түнгі жарықтар орнатылып, бағаналар ауыстырылуда.


Бүгінде ауыз су, газ құбырлары, электр желілері тартылып, түнгі жарықтар орнатылып, бағаналар ауыстырылуда.

Әлеуметтік маңызы бар жобалардың жүзеге асу барысы қарқынды. Бүгінде Қасқасу ауылдық округіне қарасты 4 елді мекенді газдандыру жұмысы қолға алынған.

Қасқасу ауылдық округіне газ тарту ісін «Azia RS» ЖШС атқаруда. Газ құбырын жүргізу ауыспалы болғандықтан, әр үйге көгілдір отын кіргізу жұмысы 2022 жылы толық аяқталып, 789 абонент көгілдір отынмен қамтылады. Нәтижесінде, аудан 100 пайыз табиғи газға қол жеткізеді. Қазіргі таңда Төлеби ауданындағы 55 елді мекеннің 48-і толық табиғи газбен қамтылған.

Керегетас елді мекенінің ауыз су құбырының құрылысы үшін биылғы жылы 100 млн теңге теңге қаржы бөлініп, құрылыс монтаждау жұмысын мердігер «Ақмешіт Мелиоратор» ЖШС жүргізуде. Бүгінде 16.8 шақырымға құбыр тартылып, 90 дана құдықтар орнатылды. Нысанның құрылысы 2022 жылы аяқталып, ауыз су пайдалануға беріледі. 

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.