Төлеби: Ашық су көздері мен ұңғыма нысандарының жай күйін зерделеу жұмыстарын жүргізілуде

Тұрғындардың сапалы әрі таза ауыз сумен қамтамасыз етудің маңыздылығын ескере келе, Төлеби аудандық мәслихатының мемлекеттік заңдылық, азаматтардың еркі мен құқығын қорғау, депутаттық өкілеттілік және депутаттың этикасы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы ауданда ашық су көздері мен ұңғыма нысандарының жай күйін зерделеу жұмыстарын жүргізуде.


Соған орай кеше Бірінші Мамыр ауылдық округі, Зағамбар елді мекенінде халықты ауыз сумен қамтамасыз етудің барысын талқылау бойынша тұрақты комиссиясының көшпелі жиыны өтті. Жиынға ауыл әкімі, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, ауылға су құрылысын жүргізген мердігер мекеме «Монолит – Дизайн-2030» ЖШС-нің инженері, «Геотерм» ЖШС геологиялық барлау жұмысы мекемесінің өкілі және «Ленгер су» МКК-нің мамандары мен ауылдық қоғамдастық жиындарының өкілдері қатысты.

Жиын барысында мердігер мекеме инженері Б.Жүсіпов пен тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы түсіндірме жасап, ауылдағы ұңғыма жұмысының төңірегіндегі айтылып жатқан кемшіліктер жайлы әңгіме қозғады. Тұрғындар айтылған уәжге қанағаттанбай көптеген сұрақтардың жауапсыз қалғандығын ескере келе, бұл мәселені қосымша қайта зерделеп, нәтижесі бойынша комиссияның отырысын өткізуге шешім қабылдады.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.