Кентауда 600 азаматқа жалдамалы пәтер кілті табысталды

Түркістан облысы Кентау қаласында 600 азаматқа жалдамалы пәтер кілті табысталды.


Бұл туралы Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Оның ішінде жеттім балаларға , ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға -109 пәтер, көп балалы отбасыларға — 106 пәтер,халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары санаты бойынша — 227 пәтер,мемлекеттік қызметшілерге — 139 пәтер,авариялық жағдайда деп танылатын азаматтарға 4-пәтер берілуде.

Жалдамалы баспанамен қамтылғандардың қатарында қала тұрғыны Тулеубекова Қалампыр.2015 жылы үйге мұқтаж азаматтар кезегіне көпбалалы отбасылар санаты бойынша кезекке тіркелген. Қала тұрғыны осы уақытқа дейін тұрғын үй кезегін үнемі EGOV- электрондық порталы арқылы бақылап отырған. Көпбалалы ана 6 жылға жуық уақыт бойы тұрғын үй кезегін сабыр сақтап, шыдамдылық танытып күткен. Бүгінде жалдамалы баспанаға қол жеткізген отбасының қуанышында шек жоқ.

Дәл осы секілді қаншама қала тұрғындары көптен күткен тұрғын үйлеріне қолдары жетіп қуанышқа кенелуде.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *