Арыс қаласы астаналықтарға 33 тонна азық-түлік өнімін тарту етті

Аптаның соңғы күндерінде Нұр-Сұлтанда ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі басталды.


Елордадағы «Ханшатыр» ойын-сауық орталығының іргесінде сенбі, жексенбі күндері ұйымдастырылатын жәрмеңкеге Арыс қаласы 33 тонна азық-түлік өнімдерін тарту етті.

Бұл туралы  Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Жыл сайын күзге қарай өтетін дәстүрлі жәрмеңкенің биылғы бетпердесін Түркістан облысы ашып берді.

Облыс шаруалары жалпы көлемі 500 тоннадан астам жергілікті өнімнің сан түрін Нұр-Сұлтанға жеткізген болса, оның 33 тоннасын арыстық шаруалар ұсынды.

Қала әкімі Гүлжан Құрманбекованың тапсырмасына орай, әкім орынбасары Сапар Дәрібай мен Арыс қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрлыбек Біләлбеков шаруалар өнімін 3 жүк көлігімен Сарыарқа төріне дін аман жеткізілуін қамтамасыз етті.

Арыстық шаруалар мен диқандар астаналықтарға ұсынған тартудың құрамында 7 тонна ет, 23 тонна көкөніс пен бақша өнімдері және 3 тонна сүт өнімдері бар.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *