«Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты А.Тілеубердин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі бойынша 2022 жылдың 20 тамыз күні Арыс қаласының Әл-Фараби алаңында «Мектепке жол» акциясы аясында мектеп оқушыларына қажетті киім-кешек және оқу құралдары жәрмеңкеде төмендетілген бағада сатылымға шығарылды.
Арыс қалалық кәсіпкерлер палатасының төрағасы М.Төлебеков 1 оқушыға жаңа оқу жылына толықтай киіндірді. Арыс қалалық мәслихат депутаты Қ.Елғонов 1 оқушыға оқу құралдарын, сумка және мектеп формасын толықтай киіндірді. Монтайтас ауылдық округінің жеке кәсіпкері Мүбәрәк Әмин 1 оқушыны киіндірді. Ауыл жастары 70 мың теңге қаржылай көмек беріп, ол қаражатқа оқу құралдарын, сумкалар алып, 12 оқушыға берілді.