Түркістан облысы, Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесіне қарасты, «Жиделі» жалпы орта білім беретін мектебінде «Құқық бұзушылықтың алдын — алу, ата- ананың алдында баланың парызы мен міндеті туралы» ақпараттық — түсіндірме жұмысын жүргізуге қала әкімінің кеңесшісі Сапарымбетова Гүлнар Бектайқызы арнайы келіп 9-10-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Баланың ата анасына деген құрметі, борышы туралы, кішіге қамқор болу, құқықбұзушылықтың алдын алу туралы, әдеп пен тәртіп туралы айтып түсіндірді.
Өз баяндамасында бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі-балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейкесті мәселелердің біріне айналып отырғанын, жалпы құқық тәртібін бұзуға бейім балалар, қоғамдық тәртіпті бұзған, қылмыс жасап ішкі істер бөлімдерінде есепте тұрған балалардың басым бөлігі жайсыз отбасылардан шығатынын, ал келесі тобы кейбір ата-аналардың бала тағдырына алаңдамауынан, оларды өз беттерінше қалдырып, мектептен бос уақыттарында немен шұғылданып жүргендерін қадағаламауынан орын алатынын айтып түсіндірді. Іс шара соңында Гүлнар Бектайқызы әр азаматтың міндеті – заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан өзіне жүктелген міндетін орындау. Заңның басты мақсаттарының бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Заңды білмеу, оны бұзу-жауапкершіліктен құтқармайтынын жас ұрпаққа айтып түсіндірді.
Оқушыларға жүрегіндегі жылы сөздерді шын ниетімен түсіндірген Гүлнәр апайға алғысымыз шексіз.Титтей болсада баланың санасына ой салатын кездесу Отансүйгіштікке, мейірімділікке, адамгершілікке тәрбиеледі.