АРЫС: ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

Түркістан облысы, «Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесімен бірлескен іс-шара жоспарына сәйкес, «С. Адамбеков атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде педагог- психолгтардың ұйымдастырумен «Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық, зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында 9 -10 сынып оқушылары арасында профилактикалық жұмыстары жүргізіліп, кеңестер берілді. Жиналыста «Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі» сектор психологы Ж. Абылова қатысты. Мақсаты:оқушыларға зорлық — зомбылық туралы мағлұматтар беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенің түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту.

«Қоғам дамыған сайын ондағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу қиынға соғып тұр. Оған бірнеше фактор әсер ететіні белгілі»,- деп бастады баяндамасын маман.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық дегенде тек ерлі-зайыптылар арасындағы проблема ғана емес, әке мен бала арасындағы келіспеушілік немесе жанжал да жатады. Сол секілді бауырлардың арасында болуы да мүмкін. Осыған ұқсас жайттар тұрмыстық зорлық, күш көрсетуге жатады», дейді ол.

полицияға жыл сайын тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша 100 мыңнан астам өтініш келіп түсетінін баяндады. Бұл ретте жағдайлардың 60%-ында жәбірленушілер құқықбұзушыларға қатысты шаралар қабылдаудан бас тартады. 2022 жылы 37 мың адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл ретте отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстық құқықбұзушылықтар саны 7%-ға (623-тен 583-ке дейін) төмендеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ІІМ отбасылық-тұрмыстық саладағы зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін жауапкершілікті қатаңдату шараларын, сондай-ақ отбасының шырқын бұзушыларды оңалту және олармен тәрбие жұмысын жүргізуді қамтитын қадамдарды әзірледі.

Осылайша, бұл саладағы іс-қимылдарды үйлестіру үшін уәкілетті мемлекеттік органды белгілеу ұсынылып отыр. Бұл репрессивті шараларға емес, азаматтардың әлеуметтік-экономикалық проблемаларын, балаларды тәрбиелеу және жалпы, отбасы мәртебесін көтеру мәселелерін шешуге басымдық беруге жол ашады.

Сонымен қатар тұрмыстық қылмыстарды тіркеудің өтініш беру түрінен анықтау сипатына көшу жоспарлануда. Бұл полицияға құқық бұзушыны жәбірленушілердің өтінішінсіз, яғни тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша жауапқа тартуға мүмкіндік береді. Осылайша, жазаның бұлтартпаушылық принципі қамтамасыз етіледі.

Бұдан басқа, әкімшілік қамауға алудың ең аз мерзімін 5 тәуліктен бастап (бұрын болмаған) белгілеу, тергеу кезеңінде отбасының шырқын бұзушыны оқшаулау және оны соттың қамауға алу мүмкіндігін қарастыру, сондай-ақ тараптардың тек бір рет және сотта ғана татуласуына мүмкіндік беру ұсынылуда.

 Оқушыларға толеранттылық туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті де тұлға болып өсуін тәрбиелеу.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.