Шымкент: Абай ауданында мобильдік топтың мониторинг жұмыстары тұрақты жүргізілуде

Шымкент қаласының Абай ауданында мобильдік топтың мониторинг жұмыстары тұрақты жүргізілуде.


Бұл туралы Шымкент қаласының Ақпарттық-коммуникациялық орталығы хабарлайды.

Абай ауданы аумағында мобильдік топ карантин талаптардың орындалуын бақылау барысында, қалалық Бас санитарлық дәрігердің қаулысында көрсетілген талаптарды сақтамай жұмыс істеп жатқан бірнеше кәсіпкерлік субъектілер анықталды.

Атап айтқанда Қазиев көшесінің бойында орналасқан «Рахат» моншасы мен «URBO» кафе бары шекті уақытты сақтамағандығы және кальян қолдану фактісі тіркелді.

Аталған жағдай бойынша мобильді топ тарапынан заң бұзушылық фактісі 102-ге тіркеліп, кәсіп иелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК 425 бабына сәйкес түсініктемелері алынып, тиісті мекемелерге шара қолдану үшін жолданды.

Қазіргі таңда аудан аумағында 20 сәуірден бүгінгі таңға дейін карантин талаптарын бұзған 50 кәсіпкерлік нысанға әкімшілік хаттама толтырылып, 11 нысанның жұмысын тоқтату бойынша хабарлама берілген.

Бұл бағыттағы жұмыстар Абай ауданында тұрақты түрде жүргізілуде.

«ANYQ.KZ» — ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.