«Алтын қазына» балалар шығармашылығының республикалық көрме-байқауы өз мәресіне жетті

Астана қаласында «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының республикалық көрме-байқауы өз мәресіне жетті. Қашықтықтан өткізілген шараға қалалық байқаудан жеңімпаз атанған оқушылар 7 номинация бойынша туындыларын ұсынды.

Қалалық кезең бойынша жеңімпаз атанған мектеп оқушылары мен қосымша білім беру мекемесінің білім алушылары көрме-байқауына

1. «Тоқыма бұйымдарын дайындау: гобелен, кестелеу, батик, киіз басу, құрақ пластикасы» номинациясы бойынша №89 ІТ мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы Айтбай Диана Нуридинқызы.

2. «Ағашты, сүйекті, теріні көркемдеп өңдеу: көлемді және тегіс кесу, ағашқа сәндеп жазу, қайың қабығынан жасалған бұйымдар, инкрустация (сүйек, металл, ағаш)» номинациясы бойынша №89 ІТ мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Асылбек Ержан Нұрланұлы.

3. «Металды көркемдеп өңдеу: зергерлік бұйымдар, шағын формалардың мүсіні, бедер салу, соғу; ағаштан, тастан, саздан (қыш саз), сабан, тоқымадан шағын формадағы мүсіндерді жасау» номинациясы бойынша №109 жалпы орта білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы 8 Ташполатов Жасурбек Баходирович.

4. «Ұлттық ою-өрнегі бар халықтық киімдерінің үлгісін жасау» номинациясы бойынша А.Асқаров атындағы №77 мектеп-лицейінің 11 сынып Пәрімбек Аружан Серікқызы.

5. «Қағаздан бұйымдар жасау: оригами, аппликация, квиллинг, папье-маше» номинациясы бойынша Ж.Баласағұн атындағы №6 жалпы орта білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы Шамшидов Абдурахман Ахметкулович.

6. «Ұлттық нақыштағы интерьердің ерекше дизайн-жобасы: үйлер, бөлмелер, саяжайлар, ландшафт және т. б.» номинациясы бойынша Хамза атындағы №108 жалпы орта білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы Султанмурадова Нозима Диошодовна.

7. «Ағаштан, тастан, саздан (қыш, саз), сабан, тоқымадан шағын формадағы мүсіндерді жасау» номинация номинациясы бойынша Хамза атындағы №57 жалпы орта білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы Шалабай Нұрсезім Ақылбекқызы.

Республикалық көрме-байқауына қатысатын жеңімпаздарға мекеменің мамандары жұмыстардың сапасына жіті назар аудара отырып, ереже талаптарына сәйкес өзгертулер мен толықтырулар енгізу қажеттілігі бойынша бағыт-бағдар беріліп әдістемелік сүйемелдеу жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде: «Ағашты, сүйекті, теріні көркемдеп өңдеу: көлемді және тегіс кесу, ағашқа сәндеп жазу, қайың қабығынан жасалған бұйымдар, инкрустация (сүйек, металл, ағаш)» номинациясы бойынша №89 ІТ мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Асылбек Ержан Нұрланұлы І дәрежелі дипломға ие болды. Жеңімпаз оқушыға телефон-смартфон табысталып, жоба жетекшілері мен топ жетекшісі алғыс хатпен, қалған қатысушылар сертификатпен марапатталды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.