Арыс: Білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру осы оқу жылының еншісінде

Қазіргі жаһандану дәуірінде қарқынды дамуы түбегейлі өзгерді. Білім саласына, ондағы қызмет етіп жүрген тұлғаларға қойылатын талаптар мүлдем өзгеше. Сапалы білім қарқынды дамудың басты шарты екені белгілі. Қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының үнемі сынға алған масылдық, жалқаулық қоғамға ешқашан жақсылық әкелген емес. Соны түсінетін жастарымыз тек біліммен қаруланып, еңбектену арқылы ғана жетістікке жететінін ұғыну қажет.

 « Біз қазіргі заманның жаңаша талаптары мен үрдістеріне әрқашан сай болуымыз керек. Бұл үшін бір орында тұрып қалмай, ілгері жылжу басты мақсат болуы тиіс. Сондықтан, білімі терең, ойы озық ұрпақты тәрбиелейтін мұғалімдер қауымына зор жауапкершілік жүктеледі.  Пандемияның екі жылдық кезеңінен кейін білім беру ұйымдары дәстүрлі оқыту форматына көштік. Білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру алдағы оқу жылында да өзекті міндет болып қала береді. Мектеп басшылығы мен педагогтер — білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды анықтау, олардың орнын толықтыру жұмысын тиімді жүргізу маңызды. Барлық білім беру мекемелерінде білім олқылықтарының орнын толықтыру жұмысы жүйелі түрде жүргізуді тапсырамын,-дейді Арыстың бас ұстазы.

 «Білімді ұлт» сапалы білім беру» Ұлттық жобасына сәйкес тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз ету мақсатында  2022-2023 оқу жылында білім беруді ұйымдастыруда келесі міндеттерге назар аудару керек:

✓ білім алушылардың білімін толықтыру;

✓ қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасымен қамтамасыз ету;    

✓ білім алушыларға сапалы білімнің қолжетімділігін   

     қамтамасыз ету;

✓ цифрлық инфрақұрылыммен және ресурстармен жабдықтау;   

✓ инклюзивті білім беруді қамтамасыз ету.

2022-2023 оқу жылынан бастап тиісті пәндерден  сыныпты екі топқа бөлу қалалық және ауылдық мектептерде сыныпта 24 және одан да көп білім алушы болған кезде жүзеге асырылады (бұрын ауылдық мектептерде бөлу сыныпта білім алушылар саны 20 адам болған кезде жүзеге асырылған). Ол пәндер:

  • «Қазақ тілі» пәні оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптардағы;

2) шетел тілдері;

3) көркем еңбек пәні екі пәнге бөлінген: «Еңбеккке     

     баулу» (1-4-сыныптар), «Технология» (5-9-сыныптар) 

     және «Бейнелеу өнері» (1-6-сыныптар);  

4) информатика; (1-сыныптан басқа)

5) орыс тілі орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптардағы;

     Бастауыш сыныпта орыс тілі 2-сыныптан бастап   

     оқытылатын болады.

6) «Өзін-өзі тану» пәні Үлгілік оқу жоспарынан алынып,       

     5-сыныптағы «Өзін-өзі тану» пәні вариативті    

     компонетке ауыстырылды. 1-4-сыныптарда бұл пән      

     «Бейнелеу өнері» пәніне, ал 6-11-сынып сағаттары    

     вариативті компонентке ауыстырылды.

Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Білім стандартындағы ерекшеліктер бойынша адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдістемелік кабинеті тамыз айының 18-22-і күндері жалпы білім беретін мектептер, мектепке дейінгі, бастауыш білім беру, жаратылыстану-математика, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер, дене шынықтыру және инклюзивті, қосымша білім беру жүйесі бойынша панельдік секциялары өткізілді. Барлық секциялардың жұмысында білім беру процесін ұйымдастыруды нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

                     Пән кабинеттерінің жабдықталуы

Арыс қаласының мектеп оқушылары инновациялық FAB LAB цифрлық шеберханасында жобалар жасайтын болады. Аталған шеберханасын алу үшін облыстық бюджеттен 50 млн қаржы қарастырылып, С.Қожанов атындағы жалпы орта мектебіне алынды.

Цифрлық шеберхана — бұл жас зияткерлердің техникалық тұрғыдан ойлау қабілетін дамытып, инженерия, қолөнер, ІТ саласына қызығушылығын арттырады. Шеберханада сандық модельдеуге арналған ноутбуктер, Ардуино (Arduino)  микроконтроллерлерімен, дәнекерсіз макетті платалар, интерактивті тақта, 3D принтермен, әртүрлі станоктармен жабдықталған.

 

     Педагогтердің біліктілігін арттыру курстары жұмыс жасауда

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты жолдауында берілген тапсырмасын орындау мақсатында үш жылда кемінде бір рет педагогтердің біліктілігін арттыруға қатысты «Білім туралы» және «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарына өзгерістер енгізілді.

        2022-2023 оқу жылында тәрбие жұмысы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері шеңберінде іске асырылатын болады. Оның негізгі идеясы Абайдың «Толық адам» рухани мұрасында бейнеленген үйлесімді дамыған адамның ұлттық бейнесі болып танылады. «Толық адам» тұлғалық жеке қасиеттері білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарында, Мемлекет басшысының «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» және «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» бағдарламалық мақалаларында жеке тұлғаны тәрбиелеудің бірегей жүйелік тәсілімен қамтамасыз ету үшін біріктіреді. 2022-2023 оқу жылының басталуына арналған 1 қыркүйек Білім күнін және «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыбында бірыңғай сынып сағатын өткізуден бастаймыз.

Мектеп формасы – мектепте балаларды бір тәртіппен тәрбиелеуге үлес қосатын, сол мектепке баратын балалармен бірлікті сезінуге мүмкіндік беретін және ең бастысы, оқушылар арасындағы әлеуметтік айырмашылықты азайтуға көмектесетін фактордың бірі.

   Сондықтан жаңа оқу жылында оқушыларға мектепке мектеп формасында келуге шешім қабылданды. 

 

Оқуға құштар мектеп жобасы:

 

Адамгершілік құндылықтар жүйесін қалыптастырудың бір жолы – кітап оқу. 2022-2023 оқу жылында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру және оны қолдау, кітап мәртебесін арттыру мақсатында білім алушылар арасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы жалғасатын болады. Жобаның негізгі бағыттары өзара қарым-қатынас пен әлеуметтік әріптестік арқылы білім алушылардың оқу құзыреттілігін, оқу мәдениеті мен оқу белсенділігін арттыруды, оқу сауаттылығы бойынша халықаралық зерттеулерге қатысуын, оқырмандар қауымдастығын қалыптастыруды көздейтін жоба.

Аудан бойынша 37 мектепке 70455 дана оқулыққа тапсырыс берілген. Оның ішінде, 2- сыныпқа 31686 оқулық, 1, 3-11-сыныптарға 38769 оқулық алуға тапсырыс берілген. Қазіргі таңда «Оксфорт», «Атамұра», «Мектеп» баспасынан    оқулықтар келіп, мектептерге таратылды.

2022-2023 оқу жылына 2-сыныптың  оқулықтары толық,  оқулықтарды қайта басып шығару кестесіне сәйкес, 7-сынып үшін «Физика», «Химия», «Биология» қостілді оқулықтары және 5-11 сыныптар үшін «Абайтану» оқулықтары, облыс бюджетінен қаралып 157.937.038 теңгеге сатып алынды.

Сонымен қатар, оқушылар санының өсуін ескере отырып, (5,6,7,8,9,10,11 сыныптардың) жетіспейтін және ескі оқулықтар жаңартылды.  Бүгінгі таңда 49% («Атамұра» 55%,  «Мектеп» 100%, «Оксфорд» 100%) оқулықтар тасымалданып, білім беру мекемелеріне жеткізілді. Қалған оқулықтар кестеге сәйкес 28-тамызға дейінгі мерзімге толық тасымалданып, мектептерге дер кезінде тарытылады  деп жоспарлануда.

Мектеп директорларын ротациялау…

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау — мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары арасындағы лауазымдық ауысулар. Бұл ретте бірінші басшының бір білім беру ұйымында атқаратын лауазымында болуының рұқсат етілген ең ұзақ мерзімі 7 (жеті) жылдан аспайды. Атқаратын лауазымында жеті және одан да көп жыл болған бірінші басшылар ротациялауға жатады.

 Ротация жүргізу шарттары:

 − білім басқармалары жүргізеді;

 − ротация бір елді мекен шегінде жүргізіледі;

 − ротация бір типтегі ұйымдардың басшылары арасында     

    жүргізіледі;

− ротация кезінде Бірінші басшылардың біліктілік санаты, яғни    

   ол үшін алынатын қосымша ақы оның қолданылу мерзімі   

    аяқталғанға дейін сақталатын болады. Бүгінгі күнге дейін екі мектеп және 2 балабақша ротацияланса, жаңа оқу жылынан бастап 7 мектеп ротацияланатын болады.

ҚР Білім және ғылым Министрлігінің бастамасымен барлық аймақтарда 1 тамыздан — 30 қыркүйекке дейін «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы ұйымдастырылуда. 

        Жаңа оқу жылына дайындық кезінде аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсетуге және әлеуметтік себептер бойынша балалардың жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй, білімге құштарлығын, асыға күткен алтын ұя мектебімен қауышу мақсатында  акция өтілуде. Қайырымдылық акциясына Арыс қаласының кәсіпкерлері, депутаттары, ұстаздары және қайырымдылыққа жақын азаматтар ат салысып, 30 мектептің 196 оқушысын  жалпы құны 2 млн 919 мың тенгеге киім-кешек пен оқу құралдарымен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің берген тізіміне сәйкес атаулы әлеуметтік көмек алатын 441 және  жергілікті бюджет есебінен мектептерде міндетті оқу қорынан 1585 тұрмыс жағдайы төмен отбасындағы  балалар  40 млн 421 мың теңгеге  киім-кешек пен оқу құралдарымен қамтылды.

                                         ЖАҢА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ

 

Салынатын мектептер: Мектеп жасындағы балалардың қол жетімді білім алуына қолайлы жағдай жасау мақсатында 2022 жылы құрылысы басталатын мектептер:

  1. Отырар ықшам ауданынан 600 орындық;
  2. Наурыз ықшам ауданынан 600 орындық;

 М.Әуезов атындағы мг – 200 орындық оқу корпусы, бұдан бөлек, И.Журба атындағы жом – 300 орындық оқу корпусы  

Жас натуралистер, техниктер, туристер стансасы –144 орындық ғимарат салу.

 

      Биылғы жаңа 2022-2023 оқу жылындағы негізгі басымдық- сапалы білім, саналы тәрбие беру.  Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты білім беру  ұйымдары оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда 35 оқу аптасын, 2-11-сыныптарда – 36 оқу аптасын құрайды және еркін форматта 4 апта жазғы мектепті ұйымдастыру үшін жоспарланады.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.