Арыс: Вакцина тұмаудың алдын алады!

Күн суығанда тұмаумен ауыратындардың қатары күрт арта түседі. Дәрігерлер мұны иммунитеттің әлсіздігімен байланыстырады. Арыс аудандық орталық ауруханасының дәрігерлері қысты әсіресе ЖРВИ мен ауыратындар көп екенін айтады.

ЖРВИ яғни «жіті респираторлы вирусты инфекция» ауруларына тұмау және жоғарғы тыныс жолдарын зақымдайтын бірнеше аурулар түрлері жатады. Оларға тұмаудан басқа парагрипп, аденовирсты, риновирусты т.б. көптеген вирусты жұқпалар жатады.

Бұл аурулардың қоздырғыштары әртүрлі вирустар (А,В,С) және олар әлемде кең таралған.Әрбір ересек адам кем дегенде жылына 2 рет, оқушылар 3 рет, мектеп жасына дейінгі балалар, 6 ретке дейін тұмау немесе ЖРВИ мен аурады екен. Біздің жерлерде тұмаудың бас көтеруі суық түскен кезде қыс айларында басталып, кейде көктемге дейін созылуы мүмкін.

Тұмау, жіті вирусті инфекциялар тыныс жолдарының зақымдануымен және ағзаның улануымен көрінетін ауру.Тұмау вирусі ауа арқылы науқас адам жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде қоршаған ортаға таратылып сау адамдарға жұғады,әсіресе жұғу мүмкіндігі бастапқы күндері өте жоғары.Жас балалар мен жүкті әйелдер және қарт адамдар немесе созылмалы ауруы бар адамдар үшін тұмау өте қауыпті. Өйткені бұл адамдарда тұмау ауыр түрде өтеді және асқынуларға әкеліп соқтырады.Ауырғандардың 10-15% асқынуға шалдығады ең жиі кездесетін асқынулар: өкпенің қабынуы, отит,гайморит, менингит.

Тұмау мен ЖРВИ клиникасы кенеттен басталады дене қызуының көтерілуімен 38-39С-ға дейін, әлсіздену, бас ауырып адам дел-сал күйде болады, сонымен қатар құрғақ жөтел, тамақтың жыбырлауы, дауыстың қарлығуы кеуденің ашып ауруы. Егер ауырған адам дер кезінде емделсе тұмаудан 5-7 күн ішінде айығып кетуге болады. Тұмаудың жеңіл және орташа ауыр түрлерін участкелік дәрігер немесе отбасылық дәрігердің бақылауымен үйде емделеді, ал ауыр және асқынған түрлері біздің жұқпалы аурулар ауруханасында емделеді.Ең негізгі міндетті шарт науқасты оқшаулау, жеке басының гигиеналық тәртібін сақтау.Әр адам тұмау кезеңінде бетперде (маска) тағып жүргені дұрыс.Науқас адам тұмау басталысымен міндетті түрде дәрігерге қарану керек

«Тұмау басталар алдына 1-2 ай бұрын тұмауға қарсы вакцинация алу керек»,- дейді арыстық дәрігерлер. Тұмадың алдын алу үшін 0.25%-0,5% оксалин майын күніне 2-3 рет мұрын ішіне жағу керек .

«Ремантадин» деген дәріні 1таблеткадан күніне 1рет тұмаудың алдын алу үшін қолданса, ал емделген жағдайда: 1-ші күн 6 таблетканы 3рет яғни 2 таблеткадан 3рет, 2-ші күн 5 таблеткасын 3рет,3-ші күні 4таблетканы 2рет ішу керек, бұл дәрілерді аурудың алғашқы күнінен бастап қолданса емдік әсері өте жоғары болады.Құрамында С және Р витаминдері бар сұйықтарды итмұрын тұнбасын,бал қосылған шай,сүт, жеміс-жидектерден жасалған сусындар(компоттар), әртүрлі жеміс шырындарын көп мөлшерде жылы күйінде ішу керек, лимонды көбірек қолданған жөн.Соңғы кездері вирусқа қарсы шыққан тамифлю,реленза атты дәрілерін де қолдануға болады. Пияз, сарымсақты (чеснок) тамаққа молырақ қосу керек. Тұмау кезінде антибиотиктерді қолдануға болмайды өйткені олар вирусқа қарсы әсер етпейді, керсінше вирусқа қарсы күресті азайтып, ағзаның қорғаныс жүйесін (иммунитет) әлсіретеді.

Тамақтану — бұл ағзаның энергетикалық шығындар орнын толтыру, тіндердің жаңалануы мен құрылымы, репродуктивтік қабілетін қолдау, ағза функцияларын қамтамасыз ету және реттеу үшін ағзаға келіп түсетін тағам заттарының сіңу, қорытылу үрдісі.

Қазіргі заман адамының тамақтануы бірқатар өзгерістерге ұшырады. Бүкіләлемдік экономикалық жағдай тамақтану құрамында төмендегі:

майлар,

өңделген өнімдер,

жануар тегінен шығатын өнімдер,

қант,

тұз,

ішімдік,

жүрек-қан тамырлары ауруларының (ЖҚА) негізгі себептері-ас калориясын көп мөлшерде пайдалануға ықпалын тигізді.

Олар өз тарапынан тамақтанумен байланысты аурулар қатарын дамытуға әсер етті: семіздік, ЖҚА, 2 типтік қант диабеті, обырдың әртүрлі формалары, осының бәрі ерте мүгедектік пен өлім-жітімнің басты себептері болып табылады.

Өңделген өнімді жаппай тұтыну жағдайында созылмалы жұқпалы емес аурулардың алдын алу мақсатында өз тамақтануыңызға мән берген жөн, күнделікті тәжірибеде дұрыс тамақтану қағидаттарын қолдану маңызды болар.

Дұрыс тамақтану:

Ағзаның қажетті энергия мен тағам заттарына қажетсінуін қанағаттандырады.

Тамақтануда тамақ түрінің сан алуан болуы.

Тамақ нақты тәртіпте ішіп-желінеді.

Ағзаның ас қорыту және ферменттік мүмкіндіктеріне сәйкес келеді.

Сапалы және қауіпсіз келеді.

Тамақтанумен байланысты аурулар дамуын ескертеді, еңбекке жарамдылығы мен денсаулық деңгейін арттыруды қамтамасыз етеді.

Тамақтану әртүрлі болу керек. Бірде бір өнім құрамында ағзаға қажетті дәрумендер, минералдық заттар қажетті мөлшерде болмайды. Сол себепті өнімнің әртүрлілігі ғана ағзаға қажетті заттармен қамтамасыз ете алады.

Ас тұзын шектеу. ДДҰ сарапшыларының ұсынысы бойынша тәуліктік ас тұзының мөлшері 5 гр.болу керек. Орта есеппен алғанда адамдар тәулігіне 10 гр тұз пайдаланады. Тұзды аз мөлшерде тұтыну ауырға түссе де, оған біртіндеп келу керек. Тұздың бір бөлігін лимон қышқылымен, даршын, ақжелкенмен, кинза және аскөкпен алмастыруға болады.

Балық, құс етін, бұршақ (асбұршақ, үрмебұршақ, жасымық) тұқымдастарды тағамда жиі қолданыңыз. Еттің майлы емес түрін қолданыңыз. Еттегі көрініп тұрған майды, ал тауық етінің сыртқы қабатын алып тастаңыз. Шұжық, сосиски, сүрленген ет, гамбургер, хот-дог, еттің майы, чипсы, паштеттерді басқа пайдалы азық-түлікпен алмастыру керек. Мал еті немесе тауық етінің сорпасын біраз тындырып, жиналған сорпа бетіндегі майды алып тастау керек.

Тамақ әзірлеуде өсімдік майларын: күнбағыс, жүгері майын күніне 2 ас қасықпайдаланыңыз. Зәйтүн, зығыр майын салатқа қосу дұрыс.

Күнделікті тамақтануда буға піскен, қайнаған және қақталған тамақтарды тұтыну пайдалы.

Жеңілсіңімді көмірсуларды: қант, тәтті аспаздық өнімдер мен басқа да тәттілерді тұтынуды шектеңіз. Қантты мөлшерден тыс пайдалану холестерин деңгейін арттырып, ағзаның қорғану қасиеттерін төмендетеді.

Ұнның кесек тартылған нан өнімдерін пайдаланыңыз. Ақ нан ұнның жоғарғы сұрпынан әзірленеді, технологиялық өңдеуден өткен кезде ол өзінің 80-90% дәрумені мен кебегін жоғалтады. Қара, сұр және кебекті нан құрамында тағам талшықтары, В дәрумені бар, олардың биологиялық құндылығы жоғары, ал калориялығы төмен келеді.

Құрамында майы аз сүт өнімдерін пайдаланыңыз.

Жемістер және көкөністерді көп мөлшерде жеңіз (күніне 400 г кем емес). Жемістер және көкөністер құрамында В, С дәрумендері, магний, калий, кальций минералдары және холестеринді шығаратын клетчатка болады. Салаттарды өсімдік майымен (майонезсіз және қаймақсыз) әзірлеңіз.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.