Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесіне қарасты Ж.Ташенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде 2022-2023 оқу жылының басталуына арналған 1 қыркүйек — Білім күніне орай «Терең білім , еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді.
Мақсаты: оқушылар бойына білімге ұмтылушылық, отаншылдық, еңбексүйгіштік құндылықтарды дарыту, адам өміріндегі білім мен еңбектің рөлін, маңыздылығын талқылау;
Міндеттері: аталған құндылықтар бойынша ақпарат беру, Отанға деген құрмет және азаматтық сананы дарыту, жаңа оқу жылына жағымды көңіл -күй қалыптастыру;
Салтанатты жиынға Дермене ауылдық округының әкімі Ж.Кадиев, Әкелер кеңесінің төрағасы М.Шынхожаев, ардагер ұстаздар қатысып, оқушылар мен ата-аналарға ізгі тілектері мен ыстық ықыластарын білдірді.