Атырау облысы әкімінің орынбасары үйқамаққа алынды

Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова үйқамаққа алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Атырау облысының арнайы тергеу соты уақытша ұстау изоляторында отырған облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованы үйқамаққа алу туралы санкция берді.

Атырау облысы әкімінің орынбасарына қатысты қылмыстық іс ҚР ҚК 366 бабы, 2 бөлігі (көп мөлшерде пара алу) бойынша қаралуда.

Күдіктінің кінәсі дәлелденген жағдайда бұл бап бойынша, айыпкердің мал-мүлкі тәркілене отырып, параның 60 мәрте еселенген көлемінде айыппұл салынады немесе 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Осыған дейін Атырауда облыс әкімінің орынбасары ұсталып, облыстық Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалғаны хабарланды.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.