Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында еліміздегі еңбек ресурстарының балансын есепке алудың тиімді әдістемесін әзірлеуді, сондай-ақ еңбек ресурстарының тапшылығы бар өңірлерде Үкіметке көші-қон үдерісін басқару үшін пәрменді шаралар қабылдауды тапсырған болатын. Атап айтқанда, еңбек нарығын цифрландыру, жұмыспен қамту орталықтарының жұмысын реформалау, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту және тұрғындарды жұмыспен қамтуды арттыру үшін басқа да ауқымды іс-шаралар қарастырылған. Ақиқатында халықты жұмыспен қамту орталығы қандай міндеттерді атқарады? Олардың бүгінгі тыныс-тіршілігі қандай? Жыл басынан бері неше адам жұмыспен қамтылды? Осы және басқа да сұрақтармен Түркістан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы Ақмарал Жулаевамен азды-кем әңгімелесіп қайтқан едік.
– Ақмарал Пернебекқызы, Түркістан қаласы Жұмыспен қамту орталығының негізгі жұмысымен таныстырып өтсеңіз…
– Өзіңізге белгілі, Мемлекет басшысының халыққа кезекті Жолдауында «Халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын қамтамасыз ету маңызды міндет екенін қадап айтты. Ол үшін тұрғындарды нәтижелі жұмыспен қамтып, шағын және орта бизнестің дамуына мемлекеттік қолдау шараларының ашықтығын қамтамасыз етіп, сапалы қызмет етуді» міндеттеді. Бұл орайда тұрғындардың әлеуметтік әлеуетін арттыру бағытында халықты жұмыспен қамту орталығының атқаратын қызметінің үлесі орасан зор. Басты мақсат — экономикалық белсенді тұрғындарды нәтижелі жұмыспен қамту.
– Түркістан қаласының еңбек индикаторындағы негізгі міндет — жұмыссыздықтың деңгейін төмендету. Осы орайда халықты жұмыспен қамту орталығының қаншалықты септігі тиіп жатыр?
– Еңбек нарығындағы тұрақтылықты сақтау басты назарға алынып, нәтижелі жұмыспен қамтудың кешенді жоспарына сәйкес жүйелі жұмыстар ұйымдастырылуда. Әрине, қол жеткізген жетістіктер де аз емес. Атап айтсақ, бағдарламаның белсенді шараларына жүгінген қаламыздың 8665 тұрғыны нәтижелі жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 6033 азамат тұрақты бос жұмыс орындарымен қамтылса, 108 азамат уақытша сипатта ұйымдастырылатын әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды. Сондай-ақ, 497 жас түлек бастапқы кәсіби тажірибе алмасу үшін жастар практикасымен қамтылса, 1395 тұрғын қоғамдық жұмыс орындарына жолданды. Кәсіпкерлікті қолдау — шаралары бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі. 256 тұрғынның бастапқы бизнес жоспарларына комиссия шешімімен қайтарымсыз грант қаражаттары ұсынылса, 278 азамат «Бизнес Бастау» жобасы аясында кәсіпкерлік оқу курстарын аяқтады. Бұл бағыттағы қолдау шаралары алдағы уақытта жалғасын таба бермек.
– Түркістан қаласы аумағында 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасының «Еңбек» бағыты аясында қандай жұмыстар жоспарлануда?
-Түркістан қаласында 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасының «Еңбек» бағыты аясында 54 жоба іске асып, 33,7 млрд. теңге мақсатты түрде жұмсалып жатыр. Оның 48-і 2020 жылдан өтпелі жоба болып табылады. Сонымен қатар, 2284 уақытша жаңа жұмыс орындары құрылады. Оның ішінде 1118 адам ХЖҚО арқылы орналастырылады. Жобалар аяқталғаннан кейін 1189 адамға арналған тұрақты жұмыс орны ашылады деп жоспарлап отырған жайымыз бар.
– Мемлекеттік бағдарламалардың қоғамға тигізіп жатқан пайдасы қандай?
– Өздеріңізге белгілі, Президенттің Жарлығына сәйкес, еңбек ресурстарының балансын есепке алудың тиімді әдістемелері мен еңбек нарығы цифрландырылып, жұмыспен қамту орталықтары реформаланған болатын. Бүгінде реформаға халықты жұмыспен қамту орталықтары – «бір терезе» қағидасы арқылы жұмыспен қамтудың белсенді шараларына жүгінген әрбір азаматтарға сапалы қызмет ұсынылуда. Өздеріңіз көріп отырғандай, мекеме ішінде заманауи электронды терминалдар мен қызмет көрсету түріне қарай әр маманға тиісті нөмірленген электронды таблолар орналастырылған. Мұндай жаңа қондырғылар жұмыс іздеушілердің кезекті ұзақ күтпеуін қамтамасыз етіп, алдын-ала өз таңдауына қарай анықтама алуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, орталық ғимарат жұмыс сұрап келушілерге арналған арнайы күту залы мен өзіне-өзі қызмет көрсету аймағымен жабдықталған. Өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында жұмыс іздеушілер электронды еңбек биржасы интернет-порталының мүмкіндіктері туралы ақпарат алып, қажет болған жағдайда тіркеуге, жеке кабинет ашуға, түйіндемелерін жүктеп, бос жұмыс орындарын іздеуге мүмкіндіктері мол.
– Әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруда қандай қиындықтар бар?
– Бізге әлеуметтік осал топтағы азаматтар санатына, көбінесе жоғары білімі жоқ, түсіністік пен көмекке үміт артатын адамдар келеді. Біз барлығын жұмысқа орналастыруға, қиын өмірлік жағдайдан шығуға көмектесуге тырысамыз. Жұмыспен қамту бойынша жақсы көрсеткіштер бар. Бірақ, өкінішке қарай, алдымен жұмыс табуды сұрайтын, содан кейін жете жұмыс істемейтін немесе кешігіп жүретін, еңбек тәртібін сақтамайтын адамдардың жосықсыз әрекетіне тап боламыз. Олар жұмысқа келмеудің түрлі себептерін ойлап табады. Мысалы, жастар тәжірибесімен жұмысқа орналасқандар арасында тәртіпсіздікке жол бергендер бар. Олармен профилактикалық әңгіме жүргізуге мәжбүрміз.
Екінші жағынан, жұмыс беруші қызметкерді қабылдағаннан кейін, сәйкесінше, одан толық қайтарым мен адалдықты күтеді. Қызметкердің лауазымдық нұсқауларға сәйкес жұмыс істеуін талап етеді. Қайта оқытудан кейін көптеген адам сынақ мерзімімен жұмысқа қабылданады.
Кейбіреулер жұмыс істегісі келмейді, күш салғысы келмейді, тек мемлекеттің қамқорлығында болуға дағдыланады. Дәл осы санат жиі шағымданады және басқаларды өз проблемалары үшін айыптайды. Мұндай өз ісіне салғырт қарайтындардың орнына, шынымен мұқтаж адамдар жұмысқа орналаса алады…
– Келушілерге тұрақты жұмыс тауып бере алмаған жағдайда не істейсіздер?
– Біз алдымен, оларды әртүрлі санатқа бөліп қарастырамыз. Кейбірінің мамандығы болмайды, біреулерінің қолында диплом бар, бірақ тәжірибеден өтпеген. Ондай жандарды уақытша жұмыспен қамтамасыз етуге тырысамыз. «Жастар тәжірибесі», «Қоғамдық жұмыс» және «Әлеуметтік жұмыс орындары» деген бағыттар бойынша жұмыс жасаймыз. Сол секілді қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолдаймыз. «Жастар тәжірибесі» – жас түлектерге арналған, арнайы не жоғары оқу орнын бітірген жасы 29-ға толмаған, өз мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ азаматтарға арналған мемлекеттік бағдарлама. Тағы бір ескеретін жайт, олардың оқу аяқтағанына 3 жылдан аспау керек. Бұл бағдарлама бойынша жалақыны мемлекеттің өзі төлейді. Жұмыс алты айға арналған. Онда жас маман өз мамандығы бойынша тәжірибе жинайды.
Егер жұмыс берушінің көңілінен шығып жатса, 1-2 айдан соң-ақ, сол жерге тұрақты қызметке тұруына болады. Ал егер 6 ай бойы өзін көрсете алмаса, жұмыспен қамту орталығына қайта келіп тұрақты жұмыс іздейтін болады.
Ал, «Қоғамдық жұмыстардың» негізгі шарты – өтінім берушілердің біліміне, жұмыс тәжірибесіне қарамау. Онда қатаң талаптар жоқ. Бұл бағыт бойынша 12 айға арналған уақытша жұмыспен қамтимыз. «Жастар тәжірибесіндегідей» жалақыны мемлекет төлейді.
– Электронды еңбек биржасы «enbek.kz»-тің тигізіп жатқан көмегі қандай?
– Порталдың басты жұмысы – жұмыс іздеу және персоналды іріктеуге жәрдемдесу үшін мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң болып табылады. Енді, жұмыс беруші өзінің бос жұмыс орны туралы ақпаратты электрондық еңбек биржасындағы жеке кабинеті арқылы бере алады. Бұл бос жұмыс орындар бойынша мәліметтерді ұсыну туралы міндетті заңнама қағидаттарының іске асырылуын жеңілдетеді.
– Тұрғындар міндетті түрде білуге тиіс маңызды ақпараттар бар ма? Болса, қандай?
– Қазіргі уақытта халықтың бірінші білуі керек нәрсе, барлық қызметтерді үйден шықпай-ақ, онлайн түрде қол жетімділігін ескеру. Ешбір, мекеменің есігін қақпай-ақ қажет қызметті үйде отырып-ақ алуға болады. Осыған әр адам өз-өзін дағдыландыруы керек. Дамыған елдердің қатарына ұмтылған елдің халқы осыны түсінуі керек. Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 9-8) тармақшасына, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабы 7-тармағының төртінші бөлігіне және 4-2-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 24 ақпандағы
№ 73 бұйрығымен Әлеуметтік қызметтер порталын пайдалану қағидалары бекітілген. 2022 жылдың басынан бері мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 338 мыңнан астам қызмет алған. Осы жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы шамамен 304,3 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын (ОТҚ), 7,2 мың – ымдау тілі қызметін, 26,9 мың – жеке көмекшінің қызметін алды. Сондай-ақ, Портал арқылы кепілдік берілген әлеуметтік топтамаларға 105 мың тапсырыс рәсімделді.
Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өз бетінше әкету арқылы алуға болады.
Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды.
Бүгінгі күні Порталда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 827 медициналық-әлеуметтік мекеме (бөлімшелер), 287 ОТҚ жеткізуші, 25 мыңнан астам жеке көмекші, 649 ымдау тілін қызметін, 93 санаторлық-курорттық емдеуді, 69 кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы жеткізушілер тіркелген.
«Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар шеңберінде қарастырылған.
Қолдауға арналған байланыс орталығына 1414 бірыңғай нөміріне қоңырау шалып, тілді таңдау және 5 санын басу арқылы Порталды пайдалану бойынша кеңес алуға болады. Бұрын бұл жұмыс жергілікті жерлерде жүргізілген. Нәтижесінде жергілікті және орталық мемлекеттік органдарға көптеген шағым түсті. Порталды енгізу мәселені шешуге мүмкіндік берді. Осылайша, оның көмегімен 2021 жылы жеке оңалту бағдарламаларының орындалуын 87%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік туды. Сонымен қатар қажетті оңалту құралдарымен және қызметтерімен қамтамасыз ету уақыты сегіз айдан 14 күнге дейін қысқарды. Ең бастысы, мүгедектігі бар адамдар тұрғылықты жеріне қарамастан қызметтерге және техникалық оңалту құралдарына қол жеткізді. Дегенмен жеткізушілер қамтамасыз ететін оңалту құралдарының сапасына қатысты сұрақтар әлі де бар. Бағдарламаны әзірлеу және сүйемелдеу процесін неғұрлым қарапайым және тиімдірек ету, порталдың мобильді қосымшасын жасау жұмыстары жүріп жатыр. Бұл қадамдар оны мүгедектігі бар адамдар үшін одан да ыңғайлы етеді. Қабылданып жатқан шаралар қызметтер нарығын одан әрі дамытуға серпін береді және жеткізушілерді адал бәсекелестікке ынталандырады. Еңбек министрлігінен бизнес-процестерді оңтайландыру және Әлеуметтік қызметтер порталын жетілдіру жұмыстары жүргізіліп жатқаны атап өтілді. Мысалы, қазіргі уақытта жаңа шешімдерді пайдалана отырып, порталдың интерфейсі мен архитектурасын өзгерту бойынша жұмыстар қолға алынуда. Мамандар порталды зағип және нашар көретін жандарға бейімдеу (WCAG 2.1 сипаты) жұмыстарын да жүргізіп жатыр. Сонымен қатар портал арқылы инватакси қызметтерін ұсыну мүмкіндігі талқылануда. Естеріңізге сала кетейік, Әлеуметтік қызметтер порталын пайдалану туралы кеңесті қолдау көрсету бойынша байланыс орталығының 1414 бірыңғай нөміріне хабарласып, тілді таңдап, 5 санын басу арқылы алуға болады. Портал көмек пен қолдауға мұқтаж әрбір адамның өмір сүру сапасын арттырудың тиімді құралына айналды деп үміттенеміз.
Порталды пайдалану тәртібін түсіндіріп өтейін. Порталда жұмыс істеу үшін порталға қатысушылар келесі әрекеттердің жиынтығын жасайды:
1) электрондық цифрлық қолтаңба сертификаттарын пайдалану мүмкіндігі үшін қажетті аппараттық-бағдарламалық қамтылымды орнатады;
2) «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығында белгіленген тәртіппен электрондық цифрлық қолтаңба сертификаттарын алады;
3) https://aleumet.egov.kz/ мекенжайы бойынша порталда тіркеу рәсімдерінен өтеді.
Порталда Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы жеке және заңды тұлғалар үшін шығарған электрондық цифрлық қолтаңба сертификаттары қолданылады.
Порталға қатысушылар порталда жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) бойынша және бастапқы беттегі ЭЦҚ арқылы авторландырудан өтеді.
Ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы порталға «Алушының жеке кабинеті» модуліне мемлекеттік органның ЭЦҚ-сымен куәландырылған портал қатысушыларының мынадай деректері түседі:
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда);
туған күні;
жынысы;
тұрақты немесе уақытша тіркелген мекенжайы (бар болса);
порталдан хабарламалар жіберу үшін мобильді азаматтар базасында (бұдан әрі – МАБ) тіркелген ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының телефон нөмірі (бұдан әрі – абоненттік нөмір);
жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (нөмірі, берген орган, берілген күні, қолданылу мерзімі).
Портал қатысушысы «Алушының жеке кабинеті» модулінде абоненттік нөмір өзгерген кезде оны түзетеді және порталдан ақпарат алу үшін электрондық пошта мекенжайын енгізеді.
«Алушының жеке кабинеті» модулінде:
МӘЖ алушыларға – МӘЖ түрлері мен көлемдері және оларды іске асыру жөніндегі мәртебелер;
мүгедектігі бар адамдарға – ОЖБ-ның ұсынылған іс-шаралары және оларды іске асыру бойынша мәртебелер;
егде жасына байланысты өзіне-өзі қызмет көрсетуге қабілетсіз адамдарға – ұсынылатын арнаулы әлеуметтік қызметтер және оларды іске асыру жөніндегі мәртебелер.
«Сізге көмек» бөлімінде портал қатысушысы іске асырылатын ОТҚ, арнаулы жүріп-тұру құралдарының, сондай-ақ МӘЖ сипаттамаларын және ымдау тілі маманының, жеке көмекшінің қызметтерін, санаторий-курорттық емдеуді, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтерді жеткізушілердің деректерін қарайды.
Мүгедектігі бар адам тауарды немесе көрсетілетін қызметті берушіні таңдау кезінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы №14 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19902 болып тіркелген). Мүгедектігі бар адамдарға тауарлар мен қызметтерді әлеуметтік қызметтер порталы арқылы сатқан кезде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларына сәйкес тапсырыс ресімдейді және өнім берушіге кепілдік берілген соманы өтеуге арналған өтінішке порталда қол қояды.
Тауарды немесе қызметтердің жеткізушісін таңдау кезінде МӘЖ алушы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 1 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26492 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға әлеуметтік қызметтер порталы арқылы кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы өткізген кезде оның құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларына сәйкес нысан бойынша тапсырысты ресімдейді және жеткізушіге кепілдік берілген соманы өтеуге өтінішке қол қояды.
ОЖБ деректері (мүгедектігі бар адам туралы мәліметтер, оңалту құралының және/немесе қызметінің атауы, ОЖБ-ны әзірлеу күні және іс-шараны іске асыру мерзімі) порталға «Е-Собес» ААЖ-дан түседі.
МАБ-та портал қатысушысының абоненттік нөмірі туралы мәліметтер болған кезде портал қатысушысына оның абоненттік нөміріне порталда авторландырудан өту және жеткізушіні таңдау қажеттігі туралы СМС-хабарлама жіберіледі.
МАБ-та порталға қатысушының абоненттік нөмірі туралы мәліметтер болмаған кезде жергілікті атқарушы органдар авторландырудан өту және жеткізушіні таңдау қажеттігі туралы хабарламаны Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 66-бабының 2-тармағында көзделген өзге де әдістермен жіберуді қамтамасыз етеді.
Мүгедектігі бар адамдар порталда жеткізушіні таңдауды ОЖБ іс-шараларын порталға жіберу туралы оны хабардар еткен күннен бастап екі ай ішінде жүзеге асырады.
ОЖБ деректері порталға берілген күннен бастап екі ай өткеннен кейін портал қатысушысының абоненттік нөміріне жеткізушіні таңдау мүмкіндігін бұғаттау туралы СМС-хабарлама жіберіледі.
Жеткізушіні таңдауды жаңарту үшін портал қатысушысы порталдағы «Алушының жеке кабинетінде» «жеткізушіні таңдауды іске қосу» батырмасын басады. Жеткізушіні таңдауды іске қосу туралы мәліметтер порталдан «Е-Собес» ААЖ-ға автоматты түрде беріледі, ОЖБ іс-шарасы жандандырылады және «Е-Собес» ААЖ-дан жалпы кезектілік тәртібімен жеткізушіні таңдау үшін порталға жіберіледі.
Порталдан «Е-Собес» ААЖ-ға түскен деректердің негізінде ОЖБ іс-шараларының орындалуы туралы деректер автоматты түрде толтырылады.
Жеткізушілер порталда ЖСН/ бизнес сәйкестендіру нөмірі бойынша және бастапқы бетте ЭЦҚ арқылы авторландырудан өтеді.
Ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы порталға «Жеткізушінің кабинеті» модуліне мемлекеттік органның ЭЦҚ-сымен куәландырылған порталға қатысушылардың және жеке көмекшілердің мынадай деректері түседі:
1) заңды тұлғалар үшін
заңды мекенжайы;
ұйымның толық және қысқартылған атауы;
ұйым басшысының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
тауарды өткізуге және (немесе) сақтауға арналған жылжымайтын мүлікке меншік құқығын және жалдау құқығын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер;
құрылтайшылар туралы мәліметтер (бар болса) (құрылтайшылардың саны, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН, азаматтығы);
экономикалық қызмет түрін, меншік нысанын, білім беру тәсілін қоса алғанда, ұйым туралы мәліметтер (бар болса);
2) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін:
жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер;
3) жеке көмекшінің қызметін көрсететін жеке тұлғалар үшін:
жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда диспансерлік есепке алудың жоқтығы туралы мәліметтер.
«Ұйым карточкасы» деген модульде — ұйымның экономикалық қызметінің негізгі кодының болуына байланысты жұмыс үшін қолжетімді бағыттар көрсетіледі:
арнаулы әлеуметтік қызметтер;
ОТҚ сату;
КӘТ сату;
санаторлық-курорттық емдеу;
ымдау тілі қызметтері;
жеке көмекшінің қызметтері.
Әрбір қолжетімді модульде ұйым көрсететін қызметті немесе барлық сипаттамаларымен, құжаттар жиынтығымен және процеске қатысатын тұлғалармен бірге сатылатын өнімді құру мүмкіндігі беріледі.
Портал әкімшісі уәкілетті органның келісімі бойынша порталды ақпараттық толықтыруды жүзеге асырады.
Портал әкімшісі порталда порталдың жұмыс істеуі туралы келесі жедел ақпаратты орналастырады:
мәтіндік және бейне форматтағы нұсқаулықтар, жиі қойылатын сұрақтар және оларға жауаптар;
порталға қатысушыларды ақпараттандыру үшін порталдың жаңа мүмкіндіктері туралы;
портал әкімшісі орындайтын регламенттелген техникалық және профилактикалық жұмыстар туралы ақпарат және оларды жоюдың жоспарлы мерзімдерімен порталдағы техникалық іркілістер туралы хабарландыру;
порталды пайдалану мәселелері бойынша хабарласуға арналған байланыс орталығының телефон нөмірі.
Порталды пайдалану кезінде техникалық іркілістер туындаған жағдайда портал қатысушыларының, портал әкімшісінің, байланыс орталығының іс-қимылдары қандай болмақ? Техникалық іркіліс туындаған кезде мынадай іс-шаралар жүргізіледі:
1) порталға қатысушы байланыс орталығына порталдың техникалық іркілісін анықтау сұрауымен жүгінеді. Байланыс орталығы сұрау салу келіп түскен кезден бастап үш сағат ішінде оны өтініштерді тіркеу және басқару жүйесінде тіркейді, онда Нұр-сұлтан қаласының уақыты бойынша сұрау салудың күні мен уақыты, сондай-ақ растайтын құжаттарды (олар болған кезде) қоса бере отырып, порталға қатысушы байланыс деректерін көрсетеді;
2) байланыс орталығы техникалық іркілісті анықтау туралы сұрау салу тіркелгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде келіп түскен сұрау салуды және ұсынылған материалдарды (экрандық суреттерді және өзге де ұсынылған электрондық құжаттарды) талдауды жүзеге асырады, қажет болған кезде порталдың техникалық іркіліс фактісінің бар-жоғын растау немесе теріске шығару мақсатында техникалық іркіліске әкеп соққан әрекеттерді қайталайды (имитациялайды);
3) сұрау салуды талдау кезінде техникалық іркіліс анықталған жағдайда, байланыс орталығы үш сағат ішінде себептерді жою үшін портал әкімшісіне сұрау салуды эскалациялайды;
4) портал әкімшісі техникалық іркілісті теріске шығарған кезде, байланыс орталығы порталдың техникалық іркілісін теріске шығару фактілері расталғаннан кейін отыз минут ішінде байланыс орталығына жүгінген портал қатысушысын растайтын ақпаратты қоса бере отырып, техникалық іркілісті теріске шығару туралы хабардар етеді;
5) портал әкімшісі техникалық іркілісті растаған кезде, байланыс орталығы порталдың техникалық іркілісі туралы фактілердің бар екендігі расталғаннан кейін отыз минут ішінде байланыс орталығына жүгінген порталға қатысушыны техникалық іркілісті жоюдың жоспарлы уақыты мен күні туралы хабардар етеді.
Портал әкімшісі байланыс орталығынан техникалық іркіліс туралы сұрау салуды алғаннан кейін бір жұмыс күн ішінде техникалық іркіліс себептерін жоюға кіріседі. Портал әкімшісімен техникалық іркілісті жойғаннан кейін байланыс орталығы үш сағат ішінде техникалық қолдауға жүгінген пайдаланушыны жұмыс жүргізудің аяқталғаны және техникалық іркілістің жойылғаны туралы қайта хабардар етеді.
Байланыс орталығы сұрау салу тәсіліне байланысты (дауыстық арна, мессенджерлер, порталдағы чат-бот) портал қатысушыларымен жұмыс күндері – Астана қаласының уақыты бойынша сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін үзіліссіз өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.
Егер порталға қатысушының техникалық іркіліс туралы сұрау салуы Астана қаласының уақыты бойынша жұмыс істемейтін уақытта цифрлық байланыс арналары арқылы келіп түскен жағдайда, байланыс орталығы хабарламаны келесі жұмыс күні тіркейді.
– Уақыт бөліп, сұхбат бергеніңізге рахмет, Ақмарал Пернебекқызы! Істеріңізге жеміс тілейміз!
«ANYQ.KZ»—ақпарат.