2023 жылдың жаз айларында 237 жазғы сауықтыру лагері балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруды жүргізді. Оның 12-сі қала сыртында болса, 225-і мектеп жанындағы лагерлер. Жазғы лагерлерде демалумен 197 651оқушыны қамту жоспарланған, бұл барлық оқушылардың 97,1 пайызын құрайды. Қала бюджеті есебінен 308,5 млн. теңге қаралып, әлеуметтік осал топқа жататын отбасынан шыққан 7 241 балаға қала сыртындағы лагерлерге жолдама берілді. Сонымен қатар 9 474 баланы демеушілер есебінен лагерлерде демалды. Қаланың бас педагогының берген мәліметі осындай. Бұдан бөлек Ж.Тажиева 2023 жылы Ұлттық жоспарға сәйкес 2-6 жас аралығында қамту жоспары – 82,8%, 3-6 жас – 100% қамтуды орындау жоспарланғанын тілге тиек етті. Оның сөзінше, балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту үшін жан басына шаққандығы қаржыландыру нормативіне сәйкес, 2023 жылға әр балаға 45 603 теңге болып белгіленіп, 39 млрд. 748 млн. тг. қаржы қаралыпты. Бүгінгі таңда қаладағы 587 балабақшада 1-6 жас аралығындағы кезекте тұрған 84 677 баланың– 91%-ы (76 859 бала) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған. Оның ішінде, 3-6 жас аралығындағы 59 954 бала – 100%, 2-6 жас аралығындағы 78 388 баланың 93% (72 863 бала) қамтылған. 2023 жылдың қыркүйек айынан бастап қосымша 2 945 орынға мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін жергілікті бюджет есебінен 2 845 орындық 30 балабақша ашылады. 1-6 жас аралығындағы әлеуметтік осал тобына кіретін жанұядағы бала саны – 17 231, оның ішінде балабақшаға баратыны — 8 155. Тегін ыстық тамақпен жек. балабақшаларда – 1 981 (24,3%) қамтылған. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап балабақшалардағы әлеуметтік осал тобына кіретін жанұядағы балаларды ыстық тамақпен қамту үлесін 30% көтеру үшін жергілікті бюджеттен 141,0 млн.тг. қаржы қаралған.