БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕГІ 34 СУ АРНАСЫНЫҢ СЕГІЗІ ЖӨНДЕЛЕДІ

Қала әкімі Мұрат Әйтенов Шымкент қаласындағы каналдарда жүріп жатқан құрылыс барысын қадағалады.

Шымкент қаласы аумағындағы 34 су арнасының 8-іне биыл күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Бүгінде оның үшеуінің құрылысы аяқталып, бесеуінің жұмыстары жалғасып жатыр. Соның бірі «Сасық-1» су арнасының күрделі жөндеу жұмыстары бойынша қала әкімі Мұрат Әйтенов құрылыс басына барып, жауапты басқарма мен мердігер мекеме қызметкерлерімен кездесті.

Аталған су арнасының күрделі жөндеу жұмыстары талқыланып, алдағы жоспарларға шолу жасады. Каналдың жалпы ұзындығы –14,1 шақырым.

Су арнасының жұмыстарына жауапты мердігер мекемеден 17 техника және елуге жуық жұмысшы тартылған. Қазіргі таңда бетон блоктары орнатылып, демонтаж жұмыстары толығымен аяқталған. Арнайы өлшем жүргізіліп, жерді құрылыс жұмыстарына дайындап, бетондалған арық жүйесі орнатылуда. Жалпы жұмыстың қазіргі таңда 40%-ы аяқталуға жақын. Жоспар бойынша жоба биылғы жылдың қазан айында аяқталу белгіленген.

Қала әкімі мердігер мекеме басшылығына су арнасын пайдаланатын шаруалармен де кездесіп, құрылыс жұмыстарын тұрғындарға тиімді етіп ұсынуды тапсырды.

Айта кетейік, өткен жылы егістік жерлерді суару каналдарының су өткізу қабілетін жақсартуда мемлекеттік-жекешелік əріптестік аясында жалпы ұзындығы 197 шақырымды құрайтын 24 каналға, атап айтқанда, «Мешіт», «Темір», «Қызыл су», «Чинат-2», «Бозарық», «Құралас», «Улух», «Улух-2», «Чумчак», «Шымкент», «Янгибай», «Текесу», «Көкбұлақ», «Қызыл сеңгір», «Гүлдіреуін-1», «Гүлдіреуін-2», «Гүлдіреуін-3», «Сасық -1», «Ақсай-Қарабастау», «Жаңа шек, «Ынтымақ», «Компас, «Тоғыс, «Сасық» және 2 өзенге (Қошқар ата, Қарасу) механикалық және қолмен тазалау жұмыстары жүргізілген болатын.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

  1. Good day very nice web site!! Man .. Beautiful .. Superb ..
    I’ll bookmark your website and take the feeds additionally?
    I’m satisfied to find so many useful info here in the post, we want develop
    extra strategies on this regard, thank you for sharing.
    . . . . .

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.