Бауыржан ӘЛТЕЕВ, Шымкент қаласы қоғамдық кеңесінің төрағасы : «БОЛАШАҚ ҰРПАҚТЫҢ ИГІЛІГІ ҮШІН ЖАҢА БАСТАМА ҚОЛҒА АЛЫНАДЫ»

«Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Президенттің кезекті Жолдауында Әділетті Қазақстан жайында көбірек айтылды. Өйткені, әділетті елдің жолында әрдайым мықты мемлекет тұрады. Экономикасы дамыған әділетті елді тұру халыққа ыңғайлы. Сол жағдайды жасау –мемлекеттің басты міндеті. Әрбір жұмыс жасаған азаматтың еңбегі елеулі болуы қажет, тиісті жалақысын алуы керек және ертеңгі күніне сенімді болуы тиіс.

Кезекті Жолдауда халықтың көңілінде жүрген мәселелердің түйінін тарқатар көптеген жақсы жаңалықтар айтылды. Енді ұрпағымыз мемлекеттің үлесін ала бастайды. Бұл дегеніміз мемлекеттің халыққа деген бетбұрысын көрсетеді.

«Әрбір отбасы еліміз пайдаланып жатқан ұлттық байлықтың игілігін көруі керек. Сондықтан, мен Балалар жылының аясында «Ұлттық қор – балаларға» атты мүлде жаңа бағдарламаны жүзеге асыру өте маңызды деп санаймын. Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударуды ұсынамын. Қаржы әр бала 18 жасқа толғанға дейін аударылып тұрады, оны мерзімінен бұрын есепшоттан шығарып алуға болмайды. Жинақталған қаржы балалар кәмелет жасына толғаннан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалатын болады. Бұл қаражат өскелең ұрпақтың үлкен өмірге қадам басуына мүмкіндік береді. Қор, шын мәнінде, ұлттық мәртебеге ие болып, халқымыздың игілігіне қызмет етеді. Бастаманы мұқият әзірлеу қажеттігін ескере отырып, жобаны 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосуды тапсырамын», -деді Президент.

Бұл халқымыздың мемлекетке деген сенімін арттырады.

Президент мандатының жеті жылға ұзартылуы да орынды ұсыныс. Жеті жылда бастаған ісін аяқтауға мүмкіндік бар. Екіншіден, мемлекет басшысын сайлауды төрт жыл сайын өткізгеннен, жеті жылда бір рет өткізу де шығынды азайтады.

Мемлекетімізді және қоғамның барлық саласы жаңғыруда. Саяси реформалар «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласымен жүзеге асырылып жатыр. Біздің алдымызда үлкен міндет тұр. Бұл ретте еліміздің егемендігін және жеріміздің тұтастығын сақтап қалуда ауызбіршілігіміз қажет.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.