Биыл Шымкентте 12 инженерлік инфрақұрылым нысанының құрылысы жүргізіледі

2024 жылы қала аумағында 12 инженерлік инфрақұрылым нысанның құрылысын жүргізу жоспарланған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Шымкент қаласында 2024 жылдың 5 айында құрылыс саласында атқарылған жұмыстар туралы» өткен көшпелі баспасөз конференциясында басқарма басшысы Олжас Тәжібаев айтты.
Тәжібаевтың сөзінше, оның, 11 нысаны 2024 жылдың қорытындысымен пайдалануға тапсыру жоспарланған.
Атап айтқанда:
— Бозарық ш/а — 7 нысан;
— Тұран ш/а – 3 нысан;
— Әкімішілік іскерлік орталығы – 1 нысан;
— Ақжайық ш/а – 1 нысан.
— Қалған 1 нысанның (Ақжайық ш/а) құрылысы 2025 жылға өтпелі.
Бұдан бөлек, 2 нысанның (Тұран ш/а 40 үйге 1-кезек, Тұран ш/а 40 үйге 2-кезек) ЖСҚ-сы әзірленуде.
Жиында сонымен қатар 2024 жылыдың 5 айында 10 мыңнан астам пәтерден 198 кемшілік анықталғаны да айтылды.
Кепілдік мерзіміндегі тұрғын үйлер: қазіргі таңда, басқарма есебінде 174 (10 382 пәтер) көпқабатты тұрғын үйдің кепілдік мерзімдері бар (Тұран-2 ш/а-88 үй, Шымкент сити ш/а-24 үй, Нұрсат-3 ш/а-44 үй, Бозарық ш/а-18 үй).
2024 жылдың 5 айында 10 382 пәтерден 198 кемшілік анықталып, оның 188-і кепілдік мерзімге сәйкес мердігер мекемелер тарапынан қалпына келтірілді. Қалған 10 кемшілік бойынша қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Анықтама үшін: 2023 жылы 10 382 пәтерден 556 кемшілік анықталып, қалпына келтірілген.
Одан бөлек басқарма басшысы, Шымкент қаласында Ұлттық жоба аясында 18 мектептің (28 000 орын) құрылысын іске асырылып жатқанын, , 2024 жылы құрылыс басқармасы тарапынан 275,0 мың шаршы метрді құрайтын 3 382 пәтерлі 77 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жоспарда ба екенін айтты. Сондай-ақ, бюджет есебінен 1900 пәтерді жастар мен әлеуметтік әлсіз топтағылар үшін нарықтан сатып алу үшін қаржы қаралғанын мәлімдеді.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin