Биыл Шымкентте 12 туристік жоба іске қосылмақ

Климаты мен географиялық орналасуы қолайлы болып табылатын үшінші мегаполисте биыл 12 жаңа туристік нысан ашылады. «Бұл әлеуеті жоғары Шымкент қаласының аймақтағы ірі туристік орталықтардың бірі ретінде қалыптасуына септігін тигізіп, кең мүмкіндіктерге жол ашады» дейді сала мамандары.

Туризм саласындағы бұл инвестициялық жобалар — «Diamond Hotel», «Barsa», «Таукехан Plaza», «Cosmopolitan Hotel», «7Jol» сияқты жайлы қонақ үйлер мен демалыс кешендері бой көтеріп, іске қосылады. Жобаларды жүзеге асыру құны 9 млрд теңгені құрайды. 400-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады.

Өткен жылы қаламызда «Пана», «Дора», «Grand Villa Hotel», «Wind hotel», «Big rooms», «Graf» қонақ үйлері сынды 6 жоба жүзеге асырылып, 145 адам жұмыспен қамтылған болатын.

Бұл жұмыстар қаламыздағы орта және шағын бизнестің өркендеуіне оң әсер етіп, тұрақты табыс көзі мен жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы Шымкентке 500 мыңға жуық турист келген. Оның ішінде 36 мыңы шетелдік турист. Ал, 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында 158 224 турист келген.

Қаламызда 147 орналастыру орны бар. Яғни Шымкент бір күнде 6 мыңға жуық туристі қабылдай алады. Сонымен қатар 5 ішкі рейс және 7 халықаралық рейс қонаққа қызмет көрсетеді. Бүгінде сала мамандары Шымкенттің гастрономиялық туризміне ерекше көңіл бөліп отыр.

«Туристерді тарту мақсатында оқиғалы туризм оң серпін береді. 2021 жылы қалада 20-ға жуық іс-шара ұйымдастырылды. Бізде гастрономиялық туризм өте жақсы дамыған. 2 мыңға жуық орын қала тұрғындары мен қонақтарға қызмет көрсетеді. Осы орайда гастрономиялық туризмге баса назар аударып жатырмыз. Қазақтың салт-дәстүрін шетелдіктерге көрсететін «Этно Шымкент» ұйымдастырылды, — деп түсіндірді басқарма басшысы.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.