Биыл Шымкентте 6 845 түлек ҰБТ тапсырады

Биыл Шымкентте 6 845 түлек ҰБТ тапсырады,-деп хабарлайды Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы.


Шымкент қаласы білім басқармасының мәліметінше, Шымкент қаласы бойынша биылғы оқу жылын 172 мектепте 222 037 оқушы аяқтады. Мектеп бітіруші түлектер саны — 8 885, оның ішінде ҰБТ тапсыруға өтініш берген талапкерлер саны — 6 845.

Соның ішінде «Алтын белгі» иегерлері – 510, «Үздік аттестат» иегерлері – 356.

Шымкент қаласы білім басқармасының мәліметінше, биылғы ҰБТ 20 маусым – 5 шілде аралығында өтеді. Тест өткізу пункттеріндегі аудиториялардың сапасы, техникалық жабдықтармен қамтылу дайындығы қатаң бақылауға алынған.

Тестілеу Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті және «Silk Way» университеті ғимараттарында өтеді.

Сонымен қатар, ҰБТ өткізу пункттерінде қоғамдық тәртіптің, көлік қозғалысының, медицианалық жедел жәрдем, өрт сөндіру және ақпараттық түсіндірме жұмыстарының сапалы жүргізілуі және санитарлық нормалардың қатаң сақталуы бақылауға алынды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.